Театр • 24 Наурыз, 2022
Тірі өнердің құны төмен болмауға тиіс
Азық-түлік, киім, көмір, темір, жалпы өмір бағасының тым қымбаттап, ғарыштық жылдамдықпен өсіп бара жатқанын сырттай бақылап, іштен тынып отырған ел кенет «Бөрте» спектаклінің билет құны 25 000 теңге екен» деген сөзді құлағы шалғанда, өре түрегелді. Әлеуметтік желінің күшімен қоғам әдеттегідей шу ете түсті. Театр билетінің бағасы 25 000 болыпты дегенді бұрын-соңды кім естіп көрген дейсіз, жаңадан ашылған Түркістан облыстық музыкалық драма театрының мына тірлігі ерке баланың шолжаң әркетіне ұқсап, әлеуметтік желіден желдей ескен жазғырудан қоғам басын шайқап, ішегін тартты. Ақылға сыймайды, ә, расында? Бірақ қымбатсынған жоқ, барды. Бұл аз болса, Мәскеудің Үлкен театрының екі бишісін шақырып Алматы Опера және балет театры «Аққу көлі» спектаклін 45 000 теңгеге бағалағанда да, сыртта билет таппай сеңдей соғылысқан жұртты көріп «осы біз өнерді тым арзанға бағалап, қолдан қор етіп жүрген жоқпыз ба?» деген сауал өз-өзінен туындаған еді.
Аймақтар • 24 Наурыз, 2022
Қазіргі таңда жайылымдық жерлерді алу, ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау және несиелендіру, жемшөптің қымбаттауы, гидрогеологияның сан түрлі мәселелері төрт түлік малдан несібе айырған ағайын үшін қоғамның күн тәртібінде өткір тұрған тақырыптарының бірі.
Қазақстан • 24 Наурыз, 2022
«Биязы» рейдер қылмыскер емес пе?..
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйекте жариялаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауында: «Шағын және орта бизнеске қатысты рейдерлік әрекеттер жиілеп кетті. Бұл мәселе жөніндегі ұстанымым белгілі: бизнестің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін әрекеттер мемлекетке қарсы қылмыс деп танылуға тиіс. Осыған орай заңнамалық сипаты бар қосымша шаралар қабылдау қажет. Парламент пен Үкімет осы мәселені шешу жолдарын ұсынуы керек», деп еліміздің экономикалық дамуына теріс әсер етіп, азаматтардың іскерлік белсенділігін тежеп тұрған қауіпті құбылысқа ерекше көңіл бөлгені мәлім. Арада өткен уақытта Президент тапсырмасының орындалуы қалай?
Білім • 24 Наурыз, 2022
Қазақстан географиясын оқыту әлі шешімін таппады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет» деді. Осыған байланысты білім саласында «География» оқу пәнінен сабақ беріп жүрген барлық педагог пен Географиядан республикалық атаулы мектеп мүшелері бірлесіп өткізген Республикалық ғылыми-әдістемелік семинарларда жүйелі тұрғыдан пәннің жаңартылған бағдарламасы мен оны оқытуда жіберілген көптеген кемшілікті қайта қарап, талқылап, алдағы уақыттағы дұрыс бағыттарын анықтады.
Қоғам • 24 Наурыз, 2022
Тобыл-Торғай өңірінде Наурыз мерекесіне орай жасалып жатқан қайырымдылық шаралары аясында 317 отбасы азық-түлік себетін алды. Олардың ішінде мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алып отырған тұрмысы төмен отбасылармен қатар, көпбалалы ата-аналар, мүмкіндігі шектеулі сәби бағып отырған үйлер де бар.