Мұрат Бақтиярұлы: Латын әліпбиі барша қазақстандықтарды қамтуы тиіс
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Латын әліпбиіне көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ XXI ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты», деп өз көзқарасын айқын білдірген болатын. Жақында ғана «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Президенттің Жарлығы да қолданысқа енгізілді. Біз жазуымызды жаңғырту арқылы ана тіліміз бен қоғамдық санамызды жаңғыртуға зор мүмкіндік алдық.
Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуі әлемдік БАҚ назарында
Астанада өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының жұмыс (консультативтік) кездесуі әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен көрініс тапты. Назарларыңызға шетел басылымдарында жарияланған мақалалардың ықшамдалған мазмұнын ұсынамыз.
Гүней Эфендиева: Түркі әлемін біріктіретін қадам
Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларында қызмет етіп келеді. Таяуда аталған қордың басшысы Гүней Эфендиевамен әңгімелесудің сәті түскен еді.
Әлемдегі ең ықпалды әйелдердің бірі Ангела Меркель Германия канцлері болып қайта сайланды. Көптеген еуропа елдерінде көшбасшылар жиі ауысатынын ескерсек, неміс канцлерінің төртінші рет сайлануын үлкен жетістік деп бағалауға болады.
Махметғали Сарыбеков: Қамқорлық жасаудың жаңа қадамы
Мемлекет басшысының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуі Тараз мемлекеттік университетінің ұжымына үлкен серпіліс берді.