Таным • 27 Наурыз, 2020
Қадірлі қария болғыңыз келсе...
«Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген тәмсілді жиі қолданамыз. Бірақ сол қазынамыздың қадіріне жете білдік пе? Төрімізде отырып төрелік айтатын төрешілерімізді төмендетіп алған жоқпыз ба? Алатаудай ақылшыларымыз аласарып қалған жоқ ба? Олардың бүгінгі бедел биігі өз деңгейінде ме? Атаның айтқанына, кейуананың кеңесіне құлақ түріп, құп алатын жастар бар ма? Үлкендердің үні, бағыт-бағдары – бүгінгі қоғамға ауадай қажет. Себебі, мың жерден заман дамыды десең де, ғаламтор ғажайып десең де оның да білмейтін тұстары жетерлік.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2020
Абай ауданына 10 тонна көкөніс жеткізілді
Барлығы 80 теңгеден саудаланды.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2020
Барлық қызметтік және азаматтардың отты қаруын ұстауын бақылау полиция қызметінің құзыретінде. Егер қаруды ұстау, тасымалдау, сақтау және сату жұмыстарында белгіленген тәртіп бұзылатын болса иесіне ескерту жасалады, ал егер бұл жағдай қайталанатын болса қару тәркіленуі де мүмкін.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2020
Түркістан: 2481 нысанда дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді
Түркістан облысында мекеме қызметкерлерін санитариялық-эпидемиологиялық және дезинфекциялық режимде жұмыс істеуге бейімдеу мақсатында оқыту сабақтары жүргізілуде. Сондай шараның бірін «Ұлттық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы» мен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» және «Ақпараттық талдау орталығы» КММ бірлесіп ұйымдастырды.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2020
Алматыда індеттің 24 ошағы бар
Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің дерегі бойынша, бүгінгі күні Алматы аумағында коронавирустық инфекцияның 24 ошағы бар.