Аймақтар • 27 Наурыз, 2020

Алматыда індеттің 24 ошағы бар

183 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің дерегі бойынша, бүгінгі күні Алматы аумағында коронавирустық инфекцияның 24 ошағы бар.

Алматыда індеттің 24 ошағы бар

Әуезов ауданында-2 жұқтыру ошағы - Жетісу-2 ықшамауданы, 70а; Мамыр – 4 ықшамауданы, 313 мекен-жайында орналасқан.

Алатау ауданында 3 жұқтыру ошағы - Заря-Восток ықшамауданы, Сары-ой көшесі, 234; Ақкент ықшамауданы, 7; Ақбұлақ ықшамауданы, 9- де орналасқан.

Алмалы ауданы бойынша 4 ошақ. Яғни Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7; Жамбыл көшесі, 155-де орналасқан.

Медеу ауданында 4 ошақ тіркелді. Олар Достық көшесі, 162; Гоголь көшесі, 75; Қонаев көшесі, 62; Самал-3 ықшамауданы, 5-де.

Жетісу ауданында - 2 ошақ бар. Еңлікгүл, 34а, Волочаевская көшесі, 51.

Түрксіб ауданында 7 ошақ тіркелген. Алтай-1 ықшамауданы, 8; «Жас қанат» ықшамауданы, 86; Майлин көшесі, 77; Спасская көшесі, 63; Жұлдыз ықшамауданы, 45; Папанина көшесі, 145 а; Жұлдыз-1 ықшамауданы, 13-де орналасқан.

Бостандық ауданында - 1 ошақ Тұрғыт-Озал көшесі, 242 мекен-жайында.

Нарызбай ауданында – 1 ошақ Ақжар поселкесі, Береке көшесі, 1/97 мекен-жайында.

Қала билігі алматылықтарды карантин режимін қатаң сақтауға, карантиндік аумақтың ішінде жүруден аулақ болуға, жеке гигиена шараларын сақтауға, туыс, дос, әріптестері мен және т.б. адамдармен қарым-қатынасты шектеуді сұрайды. Мұндағы мақсат – әр адамның өзін коронавирустық инфекция жұқтырудан сақтау, туғандары мен жақындары және айналасындағыларға да жұқтыру қаупін төмендету. Қала әкімдігі, медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметтері тарапынан індеттің ошақ аумағынан тыс жерге таралып кетпеуі үшін күшейтілген іс-шаралар атқарылуда.