Театр • 31 Наурыз, 2022
«Қаллеки тынысы» қай деңгейде?
Халықаралық театр күніне орай Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық академиялық драма театрында «Қаллеки тынысы» атты премьералық спектакльдер апталығы өтті. Кәсіби театртанушылардан құралған сарапшылар бір апта бойы 2021-2022 жылдары сахналанған жаңа спектакльдерді тамашалап, қойылым соңында пікірлерін ортаға салып, талқылау өткізді. Апталық соңында жүзден жүйрік шыққан мықтылар арнайы аталымдар бойынша марапатталды.
Қазақстан • 31 Наурыз, 2022
Әлихан Смайылов оқу бағдарламаларына «Кәсіптер атласын» енгізуді тапсырды
Биыл 31 наурызда Нұр-Сұлтанда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен білім беру жүйесін қайта форматтау және экономиканың қажеттіліктеріне сай кадрлар даярлауды қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Руханият • 31 Наурыз, 2022
Шариғат ілімдерінің негізі болып саналатын сенім, фиқһ, тарих сынды салалар халқымыздың діни сара жолын нақ көрсете білді. Ендігі жерде бізге қажеттісі – рухани жан дүниеміздің өзегіне айналған тәрбие ілімі. Мұны біз ихсан ілімі дейміз. Ихсан сөзі жақсылық жасау деген ұғымды білдіреді. Ал шариғаттағы мағынасы кез келген ізгі амалды ең кемел түрде орындау дегенге саяды.
Әлем • 31 Наурыз, 2022
Кремль шептегі жағдайдан хабарсыз ба?
Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба мен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров алдағы екі апта ішінде кездесуі мүмкін. Мұндай мәліметті Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлу хабарлады.
Әдебиет • 31 Наурыз, 2022
Шыны керек, қазақ оқырмандары қытай жазушысы Мо Янды көп біле бермейді. Бірақ оның есімі Еуропа мен Батысқа жақсы таныс. Әдебиетке он бір роман, алты әңгімелер жинағын берген ол – қазіргі қытай әдебиеті мен әлем әдебиетінде есімі жиі аталатын жазушылардың бірі. Атағын шығаруға құлықсыздық танытып, үн-түнсіз еңбектенген осы бір қалам иесінің атын Нобель сыйлығы бір күнде ғана күллі әлемге танымал етті. 2012 жылы оған Нобель академиясы шығармашылығында реализм мен халық ертегілерін, тарихты және қазіргі заманды тығыз байланыстыра алғаны үшін аталған алпауыт сыйлықты ұстатты. Батыс оқырманы оны сонау 1987-жылдардан бастап «Қызыл Гаулияң» атты романы арқылы жақсы білетін.