Деректерге сенсек, Ақмола, ШҚО, Қарағанды және Қостанай облысында бірнеше жол бөлігі әлі күнге ашылмаған.
«Өңірлердегі тұрғындардың алыс жолға шықпағаны жөн. Ауа-райы болжамын ұдайы назарда ұстаған ләзім. Автокөлікпен қар құрсауында қалғандар болса, 1403 нөміріне хабарласқаны дұрыс», делінген компания баспасөз қызметінің хабарламасында. Сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жол қозғалысын реттеу мақсатында 1100 қызметкер мен 650 бірлік арнайы техниканы жұмылдырған.