Қазақстан • 29 Сәуір, 2020
«Nur Otan» партиясы азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру және мемлекеттің түрлі бастамаларын белсенді түрде түсіндіру мақсатында әлеуметтік желілердің онлайн-платформаларын белсенді игеруде. Бір апта ішінде партияның аймақтық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары Facebook және Instagram желісінде тікелей эфирлер жүргізіп, халықтан келіп түскен 15 мыңға жуық сұраққа жауап берді.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2020
Түркістан облысында 3 айда 46 сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталған
Биылдың 3 айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша Департаментінің жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне жалпы саны 69 қылмыс тіркелген. Оның 46-сы сыбайлас жемқорлық қылмысы.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2020
Алматылық кәсіпкерлер аудиттен өту үшін қайда хабарласуы керек?
Президент жанындағы төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 27 сәуірдегі шешіміне сәйкес, Алматы қаласында азық-түліктік емес тауарларды Online-жеткізуді (интернет-дүкендер, online-дүкендер) жүзеге асыратын компаниялардың қызметіне, сондай-ақ – ТҚС (оның ішінде, автосалондар жанындағы), дөңгелек жөндеу, көлік жуу, ұйымдық техникаларды жөндеу қызметіне жұмысқа кірісуге рұқсат берілгені белгілі.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2020
Атырау: Медицина қызметкерлеріне 44,5 млн теңге үстемеақы төленді
Президенттің қауіпті індетпен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне үстемеақы ақы беру тапсырмасына орай Атырауда 288,7 миллион теңге бөлінді.
Коронавирус • 29 Сәуір, 2020
3 105 науқас: Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 27 адам тіркелді
Қазақстандағы 2020 жылғы 29 сəуір сағат 17:35-тегі эпидемиологиялық ахуал бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 27 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қ. – 4, Шымкент қ. – 5, Маңғыстау облысында – 1, Қарағанды облысында – 3, Алматы облысында – 8, Жамбыл облысында – 3, Батыс Қазақстан облысында – 3.