Қаржы • 23 Сәуір, 2024
Қос биржаның қосылуы: тәуекел ме, мүмкіндік пе?
Бұл әңгіме шыққалы бері сарапшылар арасындағы әңгіме екі биржа арасындағы түйісу нүктелеріне, біріктірілгеннен кейінгі жағдайының қалай боларына бағытталған болатын. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов өткен апта соңында журналистермен кездескен кезде AIX және KASE биржаларының келесі жылға дейін қосылатынын айтты.
Аймақтар • 23 Сәуір, 2024
Батыс Қазақстан облысы биылғы су тасқынының ең қиын күндерін бастан кешіріп жатыр. «Жағдай қауіпті, бірақ толық бақылауда. Біздің бүгінге дейін істеген жұмысымыз нәтиже берді», деді облыстық жедел штаб бастығы, облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов.
Сұхбат • 23 Сәуір, 2024
Сауда сөресінде отандық өнім тұруы керек
Мәжіліс депутаты Нұржан Әшімбетовтің айтуынша, елдің табиғи әлеуеті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу ісінде ірі орталықтардың бірі болуға мүмкіндік береді. Дегенмен аграрлық және азық-түлік өндірісіне мол қаражат, жеткілікті технология мен ресурс қажет. Отандық азық-түлік секторындағы сауда-саттық көлемінің 70%-ы ірі желілік супермаркеттерде шоғырланған. Ал олар негізінен шетелдік азық-түлік өнімдерін саудалайды.
Инфляция • 23 Сәуір, 2024
Наурыз айында елде жылдық инфляция баяулап, 9,1%-ды (ақпанда – 9,3%) құрады. Ұлттық банктің хабарлауынша, жылдық инфляция 14 өңірде бәсеңдеді. 5 облыста қарқын алып, 1 өңірде өзгеріссіз қалды.
Аймақтар • 23 Сәуір, 2024
Осыдан бірнеше күн бұрын су басу қаупі туындаған Атырау қаласынан Қызылордаға екі автобусты толтырған 93 адам келді.