Ауыл • 20 Сәуір, 2023
Ішкі миграцияның бүгінгі жайы алаңдарлық. Алаштың ақ бесігі – ауылды жарылқап, аузынан ақ май ағызамыз дегелі қашан. Алысқа бармай-ақ өзіміз тұрып жатқан Бурабай, Зеренді аудандарындағы бүгінгі жайды сыналап айтсақ та жеткілікті. Әйтпесе, облыстың Атбасар, Егіндікөл, Ерейментау, Жақсы, Қорғалжын, Целиноград аудандарында әлденеше жыл бұрын жабылған ауыл көп. Жабылуға жақын тұрғандары да аз емес.
Шаруашылық • 20 Сәуір, 2023
Ақмолалық диқандар ерте көктемдегі жауапты науқан – ылғал жабуға дайындық жұмыстарын ширата түсуде. Алдағы мол егіннің кепілі де – осы.
Білім • 20 Сәуір, 2023
Қызылжар қазақтары балаларын неге ана тілінде оқытқысы келмейді?
Келмеске кеткен кеңес заманында елдің шетінде, желдің өтінде орналасқан Солтүстік Қазақстан облысында коммунистік ұлтсыздандыру һәм орыстандыру саясаты ерекше екпінмен жүргізіліп, тіпті кілең қазақтар тұратын ауылдардағы қазақ мектептерінің көбі жабылып, орыс тілінде оқытуға көшірілген еді. Бұл теріс үрдіс тек тәуелсіздік таңы атқанда ғана тыйылып, ана тіліміз бен ата салт-дәстүрімізді қайта жаңғыртуға бетбұрыс басталды.
Энергетика • 20 Сәуір, 2023
Жаңғырмалы энергетиканы дамыту мүмкіндігі
Президент айтқан «орташа табыс тұзағына» біз 2013-2014 жылдары жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 13 мың долларға жеткеннен кейін түсіп қалдық. Негізі Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдегі өзекті экономикалық проблемаларды көтерді. Оны экономикалық өсім және нарықтық рельске көшу деп екіге бөліп қарастыруға болады. Еліміз әлі күнге мұнай секторынан түсетін табысқа тәуелді болып қалып отыр.
Қаржы • 20 Сәуір, 2023
Президент айтқан «Орташа табыс тұзағы» деген не? Нақты бір адамды мысалға келтіріп айтсақ, табысың кедейліктен сәл жоғары, бірақ одан әрі өсуге жол жоқ деген сөз. Былай қарасақ, жаман өмір сүріп жатқан жоқпыз. Бәрі бар сияқты. Бірақ осы «орташа табыс тұзағынан» құтыла алмай отырмыз.