Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «EQ»
Ал бұл саладағы кез келген қиындық елдің экономикалық және қаржылық тұрақтылығына зиянын тигізуі мүмкін. Сондықтан белгілі бір салаларға басымдық беріп және олардың дамуы үшін мейлінше жақсы жағдай жасаудың мәні ерекше.
Соның бірі – жаңғырмалы энергетика. Еліміз ғылымда бар табиғи байлықтардың барлығына дерлік ие, алайда соның әрі қарайғы дамуы үшін білікті кадрлар мен технология жетіспейді. Мысал ретінде білім мен технологияға шетелдік инвестиция арқылы қол жеткізген Қытайды айтуға болады. Адамдар технология жасап, зауыт салып жатқандықтан, адами капиталды дамытуға инвестиция салу және олардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау өте маңызды.
Президенттің нарықтық үдерістерге көшу тақырыбына арналған баяндамасының тағы бір маңызды экономикалық аспектісі – баға белгілеу және әртүрлі нарықтарды басқару жайы. Мемлекет ұзақ жылдар бойы бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларынан бастап жанар-жағармай мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының бағасын төмендетуге дейінгі аралықта әлеуметтік шығындарға белсенді субсидия жасап, үлкен қаржы жұмсап келді. Бұл, әрине, экономикалық агенттер үшін жақсы жағдай туғызды. Бірақ, ұзақ мерзімде олардың модернизация жасауға инвестициясы қалмай, салдарынан жекелеген жағдайлар бойынша коллапс туындады.
Сайып келгенде, кез келген экономикадағы сапалы инфрақұрылым маңызды іргетас болып есептеледі. Өйткені ол азаматтарға кең мүмкіндік ашады, бизнестің үздіксіз жұмыс істеуі мен дамуына қажетті жағдайлар жасайды. Сол себепті инфрақұрылымды уақтылы жаңарту және оны экономикалық агенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кеңейту, оның драйверлеріне қарамастан болашақта жоғары сапалы экономикалық өсудің негізі болып саналады.
Мемлекет басшысы көтерген тағы бір маңызды мәселе – көп жағдайда мемлекеттік аппарат тарапынан бағалана бермейтін инфляциямен күрес жайы. Біріншіден, мемлекеттік органдарда қабылданған шаралардың тиімділігін жиі бәсеңдететін немесе төмендететін үйлестіру элементінің болуы өте маңызды. Бұған салық ставкалары мен мемлекеттік шығыстардың көлемін бақылайтын фискалдық орган ретінде Үкімет пен өз кезегінде экономикадағы ақшаның құны мен санына әсер ететін ақша-несие органы – Ұлттық банк арасындағы үйлестіру бойынша жұмыстың әлсіз жүргізілуі мысал бола алады. Баға күрт өскен кезде Ұлттық банк экономикадағы тұтыну көлемін азайтуға экономикадағы ақша құнын арттыра бастайды. Бірақ, бізде бұл механизм әлсіз жұмыс істейді. Оған себептің бірі – жеңілдетілген бағдарламалар шығарып, мемлекеттік шығындарды арттыратын Үкіметтің қарсы әрекеті. Бұл шығындар айналып келгенде экономикалық өсімге әсерін тигізбейді, тек тауарлар мен қызметтер импортының өсіміне үлес қосады. Мұны Ұлттық банктің жақында өзі жасаған зерттеуі де көрсетіп берді. Сондықтан жоғарыда айтылғандардың барлығын ескере отырып, еліміздің негізгі ойыншылары өз міндеттерін орындап, нарықтық қатынастар жағдайында жоғары сапалы экономикалық өсімге қарай ілгерілей бастауы керек.
Ғалымжан Айтқазин,
экономист