Қазақстан • 29 Сәуір, 2020
Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары 1414 арқылы байланысқа шыға алады
Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары енді 1414 Бірыңғай байланыс орталығының операторымен онлайн-аудиожазба арқылы байланыса алады.
Спорт • 29 Сәуір, 2020
Шайбалы хоккейден Қазақстанның шартты құрамасы
Халықаралық хоккей федерациясы әр жылдары мұз айдынында жасындай жарқыраған ойыншыларды анықтап, соның негізінде Қазақстанның шартты құрамасын жариялады. Шайба.kz сайты ұсынған ақпаратқа сүйенсек, төменде есімдері аталған ойыншылар Қазақстанның шартты құрамасына еніп отыр:
Аймақтар • 29 Сәуір, 2020
Шымкентте көмекке мұқтаж 400 отбасыға азық-түлік таратылды
Рамазан айында халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2020
Алматының әсем табиғаты ішкі туризмнің тынысын ашады
Карантин уақытында үйде отырған ел тұрғындары аты жаман індеттің өткен шақта қалуын, қалыпты өмірге тезірек қадам басуды тілеп отырғаны анық. Азаматтардың ес жиып, етек жиған соң жаңа сапарлар мен саяхаттар туралы да толғануы қалыпты нәрсе. Бірақ алыс шетелдер біз үшін кем дегенде күзге дейін қолжетімсіз, сондықтан жоспарларды тек қазақстандық ішкі туризмге қатысты құруға болатыны рас. Өз кезегінде осы маусымда ішкі туризмге үлкен сұраныс болатын тәрізді. Алдағы уақыттағы ішкі туристердің ағымын қалай еңсеруге болады және жыл сайын 4,5 миллионға дейін турист тартуға қабілетті, елдегі ең үлкен туристік әлеуеті бар Алматы тау кластері (АТК) биыл біздің отандастарымызға не ұсына алады? Осы және өзге де мәселелер туралы «Қазақ туризм» Ұлттық компаниясының Алматы өңіріндегі өкілдігінің және АТК Біріккен Жобалық Кеңсесінің басшысы Еркебұлан Хасеновті әңгімеге тартқан едік.
Қазақстан • 29 Сәуір, 2020
Елімізде тағы 24 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Қазақстан Республикасында тағы 24 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Нұр-Сұлтан қаласында – 4, Шымкент қаласында – 2, Қарағанды облысында – 11, Қызылорда облысында – 3, Ақмола облысында – 3, Маңғыстау облысында – 1.