Спорт • 29 Сәуір, 2020

Шайбалы хоккейден Қазақстанның шартты құрамасы

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық хоккей федерациясы әр жылдары мұз айдынында жасындай жарқыраған ойыншыларды анықтап, соның негізінде Қазақстанның шартты құрамасын жариялады. Шайба.kz сайты ұсынған ақпаратқа сүйенсек, төменде есімдері аталған ойыншылар Қазақстанның шартты құрамасына еніп отыр:

Шайбалы хоккейден Қазақстанның шартты құрамасы

Қақпашы ­– Виталий Еремеев (1975 жылы туған. 1998, 2004, 2010, 2012, 2014 жылдары өткен әлем чемпионаттарына қатысты)

Қораушылар – Евгений Паладьев (1948 жылы туған, 2010 жылы қайтыс болды. 1969, 1970, 1973 жылдары өткен әлем чемпионаттарына қатысты) пен  Алексей Трощинский (1973 жылы туған. 1998, 2004, 2012 жылдары өткен әлем чемпионаттарына қатысты).

Шабуылшылар – Талғат Жайлауов (1985 жылы туған. 2006, 2010, 2012, 2014 жылдары өткен әлем чемпионаттарына қатысты), Николай Антропов (1980 жылы туған. 1998, 2014 жылдары өткен әлем чемпионаттарына қатысты) және Евгений Корешков (1970 жылы туған. 1998, 2004, 2005, 2006 жылдары өткен әлем чемпионаттарына қатысты).

Сондай-ақ қақпашы Виталий Колесник, қорғаушы Кевин Даллмэн және шабуылшылар Ерлан Сағымбаев пен Роман Старченконың да есімдері жиі аталды.