Су тасқыны • 20 Сәуір, 2024
Ағыны қатты Жайық әлі де алаңдатып отыр. Ал басқа өңірлердегі өзен-су айдындарының деңгейі біртіндеп төмендеп келеді. Мамандар сөзіне қарағанда, осы аптада терек басына шыққан теріскейдегі судың да беті қайтып қалды.
Шаруашылық • 20 Сәуір, 2024
Фермерге қолжетімді балама әдіс қажет
Ауыл шаруашылығында топырақты пестицидтерден тазартудың қауіпсіз технологияларын зерделеу мәселесі өзекті болып отыр. Түйткіл Алматыда өткен ластанған ауылшаруашылық топырақтарының био және фиторемедиациялық технологиялары халықаралық конференциясында талқыланды. Спикерлердің айтуынша, су тасқынының мемлекеттер шекарасынан шығып кетуі зерттеудің бұрыннан қалыптасқан қолданбалы жүйесін бұзып жіберді.
Су тасқыны • 20 Сәуір, 2024
Теріскейдегі судың екпіні басылды
Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД баспасөз орталығында болған брифингте жедел штабтың басшысы Кирилл Иванников қуанышты хабар айтты. Оның айтуына қарағанда, бүгінге дейін жұртты алаңдатып отырған Есілдің екінші тасқынының қаупі бірінші толқыннан артық болмайды екен.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2024
Түркістан облысында ауыл әкімі жер телімін құжатсыз үлестірген
Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы Жаңабазар ауылында жерге қатысты шу шықты. Ауыл әкімі жер телімін жұртқа оңды-солды ауызша үлестірген болып шықты. Салдарынан, құжаты жоқ жер иесі көбейген. Енді арты бітпес дауға ұласып барады. Бұл туралы Egemen.kz Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қаржы • 20 Сәуір, 2024
Бұғатталудан босайтын борышкерлер
Қарап тұрсақ, дамыған елдердің кәсіби сарапшылары капитализмнің кейбір канондарын үнемі сынға алып жатады. Мақсат – халықтың есесі. Жайындай жалаңдаған алпауыт компанияларға жем болып кетпесін дейді. Ал кезінде коммунизмге құдайдай сенген қоғамның сең соққандай сенделіп қалғаны – тарихтан белгілі. Сондықтан бұрынғыдан сабақ алып, бүгінгі заманды бағамдап отыру ләзім. Қазірдің өзінде біздегі нарық халықты борышқа белшесінен батырып барады. Бүгінгі әлеуметтік мәселенің күйіп тұрған тұсы – осы.