Аймақтар • 26 Сәуір, 2020
Вирус жұқтырған Павлодар қаласының тұрғыны 55 жаста
Павлодар қаласында COVID-19 вирусын 1965 жылғы әйел адам жұқтырған.
Аймақтар • 26 Сәуір, 2020
Тараз дүкендеріндегі азық-түлік бағаларына бақылау жүргізілді
Бүгінгідей елімізде төтенше жағдай енгізілген кезде, әсіресе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру өте маңызды. Тараз қалалық әкімдігі қаладағы ірі және шағын сауда нүктелеріндегі баға тұрақтылығын үнемі қадағалап, назарда ұстап келеді. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына, шекті бөлшек сауда бағаларына мемлекеттік бақылау жүргізу мақсатында жұмысшы тобы құрылған болатын.
Коронавирус • 26 Сәуір, 2020
Комиссия шешімі: Алматыдағы 97 жастағы қарияның өлімі коронавирустан болған жоқ
Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия 97 жастағы қарияның өлім себебінің коронавирус инфекциясына қатысы жоқ деген шешім қабылдады.
Әлем • 26 Сәуір, 2020
Дүниежүзінде вирус жұқтырғандар саны 3 млн-ға жақындады
Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәліметке сәйкес дүниежүзінде барлығы 2 912 421 адам COVID-19 вирусын жұқтырған.
Аймақтар • 26 Сәуір, 2020
Ертең Семей әуежайына Атырау қаласынан арнайы рейс келеді
27 сәуірде Семей әуежайына Атырау қаласынан арнайы рейс келеді деп күтілуде. Бортта Tengizchevroil компаниясында жұмыс істейтін Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының тұрғындары. Бұл туралы өңір басшысы Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.