Өнер • 22 Сәуір, 2021
Өзегіне ұлт мінезі ұялаған «Салтанат»
Халық қазынасының, қасиетті салтымыздың құнарының бірі – би. «Би – халықтың жаны» деп бекер айтылмаған. Қазақ биін басқа бір елдің биімен шатастыру мүмкін емес. Өзегіне қазақтың өз мінезі секілді кеңдік, ұяңдық пен жайсаңдық ұялаған ұлттық биіміз көшпелі өмірден бастап бүгінгі тіршіліктің нақты көріністерін қимыл-буын тілімен айна-қатесіз баяндап келеді.
Таным • 22 Сәуір, 2021
Қарашоқы. Қас қарая Бақыжан отырған киіз үйдің есігі сарт ашылып, еңгезердей біреу кіріп келген. Үй ішін алакөлеңкелеп тұрған пілте шамның сығырайған жарығы сұлбасын ғана көрсетті. Ентігін басар-баспастан жан-жағын жанарымен шолып шықты да, жер үстелдің аяқ жағына жайғаса кетті. Қазақтың «шықпа жаным, шықпа» деп үрейлі күй кешіп отырған кезі-тұғын. Қай күні итжеккенге айдалып, қай күні атылып кететіні де белгісіз. Үй иелері құдайы қонаққа дастарқан жайып, төрге оздырды. Бақыжан жөн сұрасып, онымен түн ауғанша әңгімелескен. Сөйтсе «қызылдардан» қашып жүрген қазақ баскөтерерінің бірі екен.
Медицина • 22 Сәуір, 2021
Тоқішек пен тікішек обырларына шалдыққандар неге көбейді?
Пандемия кезінде басқа да қауіпті кеселдерді бақылап отырудың көкейкестілігі былтыр да көрінді. Қандай дерттің болсын алдын алып, диагнозын дер кезінде қойып, ем тағайындау аса маңызды.
Аймақтар • 22 Сәуір, 2021
Екпе салдырушылар саны артып келеді
Жетісуда жұқпалы індеттің таралуы аз-кем бәсеңдегенімен, коронавируспен ауырған науқас саны әлі де алаңдатарлық деңгейде қалып отыр. Қазір облыс індет қауіпі жөнінен «сары аймақтағы» орнын сақтап тұр. Аймақта сақтық шарасына қатысты шектеулер де қалпында. Дегенмен, жағдайды жақсы деуге болмайды.
Аймақтар • 22 Сәуір, 2021
Дәрігерге «құрылысшы» киімі сатып алынғаны рас па?
«Алматыда эпидемиологтерге арналған қорғаныс киімдерінің орнына құрылысшылардың киімдері сатып алынған» деген айыптаулы ақпарат желдей ескен-ді. Және медициналық деп шатасып алынып, «қоймада шаң басып тұрған киімдер үшін бюджеттің 90 млн теңгесі жұмсалған», деген қомақты соманың аты аталды.