Бағдарламалар • 16 Сәуір, 2018
«Серпіндік» студенттер серпіле алмай тұр...
Төрт жыл бұрын елімізде «Серпін-2050» «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға» атты мемлекеттік бағдарлама қолға алынған болатын. Сол кезде аталған жобаны студенттерге арналған еліміздегі экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге таптырмас тетік деген болатынбыз. Бұл бағдарлама негізінен халқы тығыз орналасқан оңтүстік түлектерінің солтүстік аймақтарда тегін білім алуларына және одан әрі еңбек етіп, біржола тұрақтап қалуына жағдай туғызуды көздеген тың үрдіс еді. Сол арқылы түстікте жұмыссыздық деңгейі азайса, теріскейде еңбек нарығындағы маман тапшылығын шешуге мүмкіндік туар еді.
Бағдарламалар • 16 Сәуір, 2018
Рухани жаңғыру – жаһандық мәнге ие жоба
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясы бүгінде алты Алашты асып, оның негізінде атқарылған игі істер алты құрлыққа мәлім дерлік деңгейге жеткен. Қазіргі уақытта Елбасының болашаққа бағдар боларлық бұл еңбегінің тек қана мерзімдік мақала емес, шын мәнінде ірі халықаралық жоба екенін ұққандаймыз. Мақала мәйегіне үңілген жан бүкіл қоғамдық сана-сезімді қозғайтын үлкен үдерісті бірден аңғарады.
Бізге де бір Комаровский керек еді
Іш ауырса да, тіс ауырса да жұрт жапа-тармағай кеңес сұрайтын, айтқандарын бұлжытпай орындайтын бір әмбебап маман бар Комаровский деген. Балалары түшкіріп-пысқырып, температурасы сәл көтерілсе аналарының жалма-жан ғаламторға үңіліп, әлгі әйдік медицина маманының ақыл-кеңесін оқып жататынына өзіміз де куә болып жүрміз.
Өңірлік әріптестіктің өрісі кең
Орталық Азия елдері тәуелсіздік алғаннан бергі 26 жыл ішінде өздерінің басым бағыттарын айқындап үлгерді. Аймақта дамуға қатысты түрлі көзқарастың болуына қарамастан, өзіндік ерекшелігін айқындайтын оңтайлы жол қалыптасты.