Шахмат • 19 Сәуір, 2023
Классикалық шахматтан елордада өтіп жатқан әлем чемпионатының жетінші партиясында тосын нәтиже тіркелді. Қытайлық Дин Лижэнь қара тастармен ойнаса да, бәсеке барысында аздаған басымдыққа ие болды. Алайда матчтың соңына қарай ол өрескел қателік жіберіп, күтпеген жерде Ян Непомнящийге жол беріп қойды. Сөйтіп жетінші партиядан кейін ресейлік гроссмейстер тағы да есепте алға шықты – 4:3. Ал Дин Лижэнь сегізінші партияда қарымта қайтара ала ма?
Жәдігер • 19 Сәуір, 2023
Ұлттық музейде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің қаһарманы Амангелді Имановтың 150 жылдығына орай өтіп жатқан «Халық батыры» атты көрмеге халық ақыны Омар Шипиннің шапаны мен бөркі қойылған. Бұл жәдігерді Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі әкеліпті. Аталған мұражайға оны айтулы тұлғаның балалары тапсырған.
Елорда • 19 Сәуір, 2023
Елордада жас қаламгер Жәмила Бақтиярқызының «Қарлығаш» атты кітабы жарық көрді. Шығармада қоғамның дертіне айналған жастар арасындағы өзекті мәселелер жазылған. Ата мен немере арасындағы диалог арқылы мөлдір махаббат пен ұлттық құндылықтарды дәріптейді.
Қоғам • 19 Сәуір, 2023
Алматы қаласындағы №29 балалар кітапханасында қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, елші Мұрат Әуезовтің 80 жасқа толуына орай кездесу кеші өтті.
Жастар • 19 Сәуір, 2023
Астанада «Meta MEET» XIХ республикалық студенттер слеті өтіп жатыр. Үш күндік іс-шараны Қазақстан студенттерінің альянсы ұйымдастырды. Дәстүрлі жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен 1 мыңға жуық қыз-жігіт жиналған.