Несие • 19 Сәуір, 2024
Тасқыннан зардап шеккендер: Бұл топқа несие төлемі шегеріледі
Су шайған аймақтардағы тұрғындарға жекелеген азаматтар мен әртүрлі ұйымдар ақшалай және материалдық көмек ұсынып, қолдау көрсетіп жатыр. Мемлекет барлық шығынды толық өтеп, апат салдарын түгел жоятынын мәлімдеді. Тасқыннан зардап шеккендерге бір реттік төлем жасалып, мүлікке келген залал өтеледі. Баспанасы жарамсыз халыққа арнап үй салынады. Қажетті инфрақұрылым қалпына келтіріледі. Қызыл судан зардап шеккендерге көрсетілер тағы бір көмек – несие бойынша төлемдерді кейінге шегеру бастамасы. Бұл ретте әр қаржы ұйымының тәртібі әрқалай екенін ескеру керек.
Үкімет • 19 Сәуір, 2024
Еуроодақ елдерінің тәжірибесі сараланды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Қазақстан–Еуроодақ» диалог платформасының 14-отырысы өтті. Отырысқа Еуропалық одаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшылары, сондай-ақ бірқатар еуропалық компаниялардың топ-менеджерлері қатысты.
Медицина • 19 Сәуір, 2024
Қос балдырғанның өмірін сақтап қалған дәрігерлердің біліктілігіне жетісулықтар разы. Көпсалалы облыстық балалар ауруханасына үш жасар екі бала әртүрлі дене жарақатымен түскен. Бірі төртінші қабаттан құлап, ауыр жарақат алса, екіншісі септикке түсіп кеткен. Мамандар шұғыл әрекет етіп, дер кезінде бірлесе көмек көрсеткеннің нәтижесінде балаларды аман алып қалды.
Қоғам • 19 Сәуір, 2024
Тұрғындар жәрдемақы алып жатыр
Батыс Қазақстан облысы көктемгі су тасқынына байланысты күрделі де қиын кезеңді бастан кешіріп жатыр. Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы тұсында қауіпті деңгейге жақындады.
Өндіріс • 19 Сәуір, 2024
Тегеурінді техника – табыс кепілі
«Kazrost Engineering» жеке компаниясы – өңірге өте маңызды өзгеріс әкелген кәсіпорын. Бұрынғы «Вектор» комбайн зауыты» серіктестігінің өндірістік алаңын жаңғыртып, техниканың модельдік қатарын көбейтуді қолға алған кәсіпорын ауыл шаруашылығының ахуалына оң ықпалын тигізіп келеді.