Парламент • 13 Сәуір, 2018
Ұлттық инженерлік академия президенті ғалымдарды төл мерекесімен құттықтады
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні кәсіби мерекесін Қазақстанның Ғылыми-инженерлік қауымдастығы жетінші рет атап өтті. Қазақстанның Ұлттық инженерлік академиясының президенті, Парламент Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов академия төралқасының кеңейтілген отырысында ғалымдарды төл мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 13 Сәуір, 2018
Мәулен Әшімбаев: Стратегиялық маңызы бар ауқымды жоба
Осыдан тура бір жыл бұрын жарияланған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттық құндылықтарды дәріптеумен қатар, әлемнің озық тәжірибесін меңгерудің тиімді тетіктері де қатар көрсетілген болатын. Осы бағытта қолға алынған көптеген жобалар бүгінде өз нәтижесін бере бастады. «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген жаңа кітаптар соның айқын дәлелі.
Парламент • 13 Сәуір, 2018
Қасым-Жомарт Тоқаев: Өзара іс-қимылсыз тиімді жұмыс жүргізу мүмкін емес
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте өтіп жатқан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысып, сөз сөйледі.
Қазақстан • 13 Сәуір, 2018
Айымжан Әбуқызы: Бұл жобаға қатысу – мен үшін үлкен мектеп
Мен «100 жаңа оқулық» жобасы аясында әйгілі француз философы Реми Хесстің «Философияның таңдаулы 25 кітабы» атты оқулығын әріптестеріммен бірге француз тілінен қазақшаға аудардым.
Қазақстан • 13 Сәуір, 2018
Ерлан Сыдықов: «Елбасы оқулықтары» деп аталып жүр
«Айқын мақсатсыз, саналы мұратсыз адам да, билік құрылымы да, қоғам да өмір сүре алмайды». Осылай деп Нұрсұлтан Әбішұлы 1992 жылы 16 мамырда «Егеменді Қазақстан Республикасының қалыптасу және даму стратегиясы» атты бағдарламалық еңбегінде жазған еді.