Ғылым • 22 Сәуір, 2021
Ғалымдардың деңгейі зерттеулер нәтижесінде жазған халықаралық ғылыми журналдардағы мақалаларына, сондағы көрсеткішіне қарай бағаланады. Сол көрсеткіштерге көз жүгіртсек, отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосып жүрген ғалымдардың басым бөлігі – «Болашақ» бағдарламасының түлектері. Аталған бағдарлама жастардың ғылымға келуіне зор мүмкіндік беріп отыр. Бұл – ел егемендігінің алғашқы жылдарында қабылданған тарихи шешімнің жемісі.
Абай • 22 Сәуір, 2021
Абайдың қарасөздері – тәрбиенің қайнар көзі
Абай әйгілі қарасөздерінде шығарманың ажарына назар аударып қана қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Хакімнің гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойы дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас қазақ халқының философиялық тұжырымдамасын құрайды.
Қоғам • 22 Сәуір, 2021
Белгісіз дерттің беті қайтқан жоқ
Қазақстанның 10 өңірі «қызыл аймақта» тұр. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты.
Аймақтар • 22 Сәуір, 2021
20 мыңға жуық тұрғын екпе салдырды
Қызылорда облысында көптеген іс-шара онлайнға қайта көшіріліп жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өтетін брифингтер де осы форматқа ауыстырылды. Апта басындағы брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов аймақта эпидемиялық ахуалдың алдын алу бағытындағы жұмыстарды баяндады. Ақпан айынан бері облыста 20 мыңға жуық тұрғын екпе алған. Былтырдан бері 4 798 адам коронавирус індетін жұқтырыпты. 18 сәуірде олардың қатарына тағы 35 тұрғын қосылды.
Тарих • 22 Сәуір, 2021
Алтынсарин және Қостанай мектебі (Оның бастау арнасы – Троицк кездейсоқ таңдау емес)
Отарлау дәуірінде Қазақ даласына орыс білімін тарату ісінің алғашқы кезеңі Орынбор қаласындағы Неплюев атындағы кадет корпусы мен алғашқы орыс-қазақ мектебі арқылы жүзеге асты. 1860 жылдардан бастап патшалық әкімшілік орыс-қазақ мектептерінің қатарын далалық өлкелерге қарай кеңейту мәселесін шешуге белсене кіріседі. Бұл істі олар әскери бекіністер мен шекара бойындағы қалалардан бастауды жөн көреді.