Аймақтар • 22 Сәуір, 2021

20 мыңға жуық тұрғын екпе салдырды

205 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында көптеген іс-шара онлайнға қайта көшіріліп жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өтетін брифингтер де осы форматқа ауыстырылды. Апта басындағы брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов аймақта эпидемиялық ахуалдың алдын алу бағытындағы жұмыстарды баяндады. Ақпан айынан бері облыста 20 мыңға жуық тұрғын екпе алған. Былтырдан бері 4 798 адам коронавирус індетін жұқтырыпты. 18 сәуірде олардың қатарына тағы 35 тұрғын қосылды.

20 мыңға жуық тұрғын екпе салдырды

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «EQ»

– Инфекциялық және прови­зор­лық ста­цио­нар­ларда 3 200 төсектік орын дайын. Оның 500-ден аста­мы орта­лық­тан­ды­рылған отте­­­гі­­мен қам­­тылған. А­й­м­ақ­тағы меди­ци­на­­­лық ұйым­дар­да 686 отте­гі кон­ц­ен­­тра­­торы, 251 өк­пе­­ні жасанды желдету, 8 ком­пью­­терлік томограф және 66 рентген аппараты бар, – дейді басқарма басшысы.

Медициналық мекемелер мен дәрі­ханалар қорғаныш киім­­­де­рі­мен қамтамасыз етіл­ді. Дәрі-дәр­мектің 2 айға жете­тін қоры жа­сақ­талып тұр. Ме­ди­цина қыз­мет­кер­ле­рінің ін­дет­ті жұқтыру көр­­сет­­кіші аза­йып­­ты. Бас­қар­ма басшысы тәуе­кел тобындағылардың ерек­ше бақылауда тұрға­нын да айтып өтті. Осы күні 138 дәрі­гер­лік мо­биль­дік топ үйден ем жасауда. Аймақта 6 оттегі станса­сы бар. 200 орындық модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құ­ры­­лысы аяқталды, алда­ғы айда пайдалануға беру жос­­парлануда. Вакци­налау облыс орта­лы­ғын­­дағы 5 емханада, облыс­тық ке­ңес беру диаг­нос­ти­ка­лық ор­та­лығында, «Ин­тертич» кли­ни­­касын­да, барлық аудан­ мен Бай­­қоңыр қаласында жүр­­гі­зілу­де. Екпе талапқа сай, тем­­пе­ратуралық режімді қада­ға­лайтын арнайы ма­ши­­­на­мен халық санына қа­­рай егу орындарына жет­­­кізіліп тұр.

Онлайн брифингке был­тыр індет өршіп тұр­ған шақта «Сейхун» про­визорлық стацио­нарын­да жұ­мыс істеген дәрігер­лер­дің бірі Нұрлан Нұр­пе­йісов те қатысты. Ке­нет­­тен жа­быс­қан кесел­ден науқас­тар­­дың қи­нал­ған сәтін көрген тә­жі­ри­­бе­­лі маман індеттің етек жа­ю­­ы­­на өзі­міз­дің сақтық ша­­ра­­ларына сал­ғырт қа­ра­уы­­мыз себеп болып отыр­ға­нын айтады.

– Мен өз еркіммен екпе сал­дырған медици­на саласы қыз­мет­кер­ле­рі­нің бірімін. Вак­ци­на­дан кейін өзім­ді жақсы сезіндім. Қазір денсау­лы­ғым­да еш­қан­дай кінә­рат жоқ. Ең бас­­тысы, дерт­ке шалдығып қа­­лу қор­қынышынан ар­ыл­­­­дым. Өзім және жа­қын­да­рым үшін алаңым азайды. Дегенмен қосым­ша сақтық шараларын сақ­тап жүрмін, – дейді дәрігер.

Бетперде тағып, ара­­қа­шық­тық­ты сақ­тау­дың маңыздылығы аз ай­ты­лып жатқан жоқ. Осы­ған шындап құлақ асатын кез келді. Күндіз ма­ман­ның кеңесін бас шұлғи тыңдап, кешке жасырын той-томалақтың төрінен табылатындар көп. Өзі­міз­дің осы әдетімізді жеңсек, ке­селдің де беті қайтар еді.

 

Қызылорда облысы