Қазақстан • 14 Сәуір, 2017
Үлкен қаладағы кішкентай ғана бала нені армандауы мүмкін? Оның қалауы махаббат, атақ-даңқ, мол ақша мен сыр бөлісетін достар емес екені аян ғой. Сонда періштедей пәк жанына не жетпейді? Немістің көрнекті қаламгері, балалар жазушысы Аня Туккерманның «Маған әже керек» романы осы сұраққа жауап іздеуге арналған. Бір ұққанымыз, кез келген балаға ең қажет нәрсе – мейірім екен.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2017
Енді Атыраудағы мүмкіндігі шектеулі жандар бос уақыттарын тиімді өткізіп, түрлі ұлттық бұйымдар жасауды үйренеді. «Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлестігі «Қолтаңба» атты қолөнер жобасын бастады.
Әдебиет • 14 Сәуір, 2017
«...Ғибрат алар ұрпағы ғұмырынан...»
Ол кісінің азан шақырып қойған есімі – Дайрабай! Сыр еліндегі барша жұрт әйгілі Сырдария өзенін «дария, дайра» деп те атайды.
Футбол • 14 Сәуір, 2017
Сәрсенбі күні премьер-лига командалары Қазақстан чемпионатының кезекті турын өткізді. Күннің жылығаны дем берді ме, әлде футболшылардың еті ширай бастады ма, әйтеуір бұл турда гол дегеніңіз қарша борады. Әр ойынға шаққанда орташа есеппен төрт доптан соғылған екен!
Аймақтар • 14 Сәуір, 2017
Ақтөбе – агломерациялық даму жолы белгіленген республикадағы екі өңірдің бірі. Бұл біріншіден, облыс орталығындағы тұрғындардың санын өсіруге басымдық беріледі деген сөз. Қазір мұнда бес жүз мыңнан астам халық тұрады. Үкіметте таяудағы және келешек жылдарда Ақтөбе қаласындағы тұрғындар санын миллионға дейін жеткізу жөнінде жоба жасалып жатқаны да аймақтың агломерациялық сипатымен үндестік таба алады.