Құқық • 19 Сәуір, 2023
Петропавлда сепаратизмді насихаттады деген күдікке ілінген өздерін «Халық кеңесі» деп атаған ұйымға қатысты сараптама нәтижесі шықты. Сараптама қорытындысына сәйкес, топтың белсенді үш мүшесі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.
Ғылым • 19 Сәуір, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында «барлық уақытта дамудың басты кілті ғылым болып саналғанын» атап өтті. Бұл тезис қарапайым болса да, егжей-тегжейлі негіздемені қажет етеді.
Қаржы • 19 Сәуір, 2023
Итті залалсыздандыруға қанша қаржы бөлінеді?
Былтыр Қарағанды облысында 700 адамды ит қапқан. Бұл сан күн сайын қала көшелерін қаншама иесіз иттің кезіп жүргенін білдіреді. Айтпақшы, адам мен төрт аяқты хайуан арасындағы қарым-қатынастың заңмен реттелгеніне көп уақыт өткен жоқ. Бір жарым жыл бұрын «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң күшіне енді. Бірақ бұл заң адамдарға иттен төнетін қауіпті азайтқан жоқ.
Театр • 19 Сәуір, 2023
Адамзат ізгілікке ұмтылмаса, ақырзаман басталады
Әйгілі Шыңғыс Айтматовтың «Кассандра таңбасы» романы өз уақытында әдебиетке дүбірлеп келгені, жаңа шығарманың жарыққа шыға сала «Жан пида», «Ғасырдан да ұзақ түн» шығармаларымен қатар атала бастағаны есімізде. Әлемнің өресі биік оқырманы адамзат алдында тұрған экология және рухани апатқа қарсы азаматтық-жазушылық парызбен үн қосқан өзгеше интеллектуалдық-философиялық шығарма екенін танып, өзектілігіне мән берсе, енді бірі діни-мифологиялық маңызына соққы беріп, фантастикалық-мистикалық сарыны төңірегіндегі сыни пікірін жарыса жариялап жатты. Бұл шығармашылығын жеңіл дүниемен шиырламайтын кемел Ш.Айтматовтың «ұлттық» деген деңгейден биіктеп, әлемдік ізгілікті, жалпыадамзаттық құндылықты қаузап жүрген толысқан шағы-тын.
Туризм • 19 Сәуір, 2023
Туризмге серпін беретін бастама
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында ел дамуына үлес қосатын бірнеше маңызды мәселені ерекше атап өтті. Соның ішінде Үкімет пен Парламентке туризмді дамыту мәселесіне баса назар аударуға тиіс екенін жеткізді.