Қазақстан • 19 Сәуір, 2023
Ұлттық жазудың тынысын ашатын реформа
Қазіргі кезде қоғамның жіті назарында тұрған мәселенің бірі – латын әліпбиіне көшу. Республикада латын қарпіне көшуге байланысты нақты шешім қабылданбағанымен, маңдайшалар, билбордтар, басқа да жарнамалық мәтіндерді латын қарпімен жазу белең алып отыр. Салдарынан мәтіндерде өрескел қателер кетіп жатыр.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2023
Осыдан екі жыл бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылжар өңіріне келген жұмыс сапары барысында «Киров атындағы зауыт» аумағында 1857 жылы салынған үлкен мешіттің ғимаратын жаңғырту туралы тапсырма берген еді. Кеңестік кезеңде қоймаға айналған бұл мешіттің ғимаратын сол тұста жергілікті жұрт«соборлы мешіт» деп атап кеткен екен. Ал Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін тарихи нысан қалпына келтіріліп, ислам мәдениетінің мұражайы болатыны да нақтыланған.
Пікір • 18 Сәуір, 2023
Біреулер Отан үшін опат болса, енді біреулер – зұлымдықтың, біреулер айтпай келген апаттың құрбаны. Ал өз ақымақтығынан ажал құшқандарды көрген сайын ақымақтықтан өлгендерге берілетін «Дарвин сыйлығы» еске түседі. Әйтпесе, қаншама адам дәл осы сәттерде ауыр дерттен, шипасы табылмаған кеселдермен арпалысып, Құдайдан денсаулық, ғұмыр тілеп жатқан жоқ па?
Жастар • 18 Сәуір, 2023
Жастар практикасы: Әрекетке – берекет
Қазір елімізде 505 мыңға жуық жас оқу да оқымайды, жұмыс та істемейді. Өткен жылы бұл NEET санатындағы азаматтар екі есе аз еді. Биыл жастар саясатындағы өзгерістерге байланысты жас мөлшері 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Сәйкесінше көрсеткіш те аспандады. Олар неге әлі күнге дейін бос кезіп жүр? Әлде «Жұмыс істегісі келген жол іздейді, қалғаны сылтау іздейдінің» кебі ме?
Тарих • 18 Сәуір, 2023
Иісі қазақтың санасында «Абайды сабаған» деген аңызбен қалған Оразбай Аққұлұлының немересі кім болғанын бұл күні біреу білсе, біреу білмес. «Бірінші Құдайыма, екінші Шұнайыма сенемін» деп үш мың жылқысы өрісінде жусаған жомарт Оразбайды ұлы жазушы Мұхтар Әуезов өзінің «Абай жолы» эпопеясында: – Асқан екен Құнанбай баласы. Тіпті мұндай қорлықты Құнанбай да көрсеткен жоқ. Тегі, біздің өзіміз бұларды бұзып болған екенбіз. Құдайын ұмытқан екен мына Құнанбайлар. Тап осы жолы тұяқ серіппесек, бәрімізді де атаның аруағы атсын! Ит болайық, енді қыбырламасақ! – деп Оразбай жалғыз көзін жалтылдатып, айнала қарап, қанын ішіне тартып сөйледі, деп суреттейді. Сонымен бірге ел аузында да Оразбай туралы аңызға бергісіз әңгімелер өте көп айтылады.