Медицина • 14 Сәуір, 2017
Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа арнаған Жолдауы ауыл шаруашылығының дамуына жаңа серпін беріп қана қоймай, тың міндет те жүктеді. Ел еңбеккерлерінің жігерлі жұмыстарының нәтижесінде саланың өркендеуінде оң өзгерістер байқалады. Бұл үрдіске Үкімет басшысының орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтің Ақмола және Павлодар облыстарына жасаған жұмыс сапары аясында нақты баға берілді.
Парламент • 14 Сәуір, 2017
Жер туралы заң жобасы таныстырылды
Кеше Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды. Елімізде өткен жылы құрылып, белсенді жұмыс істеген Жер реформасы бойынша комиссияның атсалысуымен әзірленген аталған заң жобасына қатысты баяндаманы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев жасады. Ол құжат аясында көзделетін мақсат-мүдделер мен басым бағыттар бойынша айта келіп, депутаттар тарапынан мәлімделген ұсыныс, пікірлер талапқа сай заңға енгізілетіндігін мәлімдеді.
Парламент • 14 Сәуір, 2017
Германия делегациясын қабылдады
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Германия Бундестагының депутаты, «Германия – Орталық Азия» парламенттік тобының төрағасы Манфред Грунд бастаған делегацияны қабылдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Парламент • 14 Сәуір, 2017
Неміс парламентшілерімен кездесті
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Бундестагының депутаты Манфред Грунд бастаған «Германия – Орталық Азия» парламенттік тобының делегациясын қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Медицина • 14 Сәуір, 2017
Астанада еліміздің белгілі ғалымдары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылады. Мемлекет тарихы институтында «Ұлттың рухани дамуы: тарихи-мәдени дәстүр мұрагері» дөңгелек үстел барысында Қазақстан тарихы бойынша жаңа гуманитарлық білім негізіндегі оқулықтар әзірлеу, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі және өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мәселелері кеңінен қаралды.