Теннис • 21 Сәуір, 2022
Неміс қыздарын бет қаратар емес
Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Елена Рыбакина Штутгарт (Германия) WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2022
Қажетті техника ауылда құрастырылды
Келес ауданы, Лесбек батыр елді мекенінің тұрғыны Абзал Жасұзақ ауыл шаруашылығына көмектесетін техника құрастырып шығарды.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2022
Күн нұрын төге бастап еді, павлодарлықтар ауласын қоқыстан тазартуға көшті. Ешкімді мәжбүрлеу жоқ. Тұрғындар әндетіп жүріп, шаруасын тындырып жатыр. Жуықта облыс орталығында Jasyl Cross-2022 экомарафоны ұйымдастырылды. Қатысушылар белгілі бір қашықтықты жүгіріп өтіп, Усолка жағасындағы қалдықтарды жинады.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2022
Қостанай облысы биыл қазақ журналистикасының атасы, ақын, көсемсөзші Мұхаметжан Сералиннің 150 жылдығын атап өтеді. Атаулы мерейтойға дайындық шаралары барысында былтыр Қарабалық ауданына қарасты Өрнек ауылындағы ақын зираты жаңартылып, аудан орталығына ескерткіш белгі орнатылды. Сондай-ақ біртуар қайраткердің туған ауылы Өрнекте абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, аудан орталығындағы М.Сералин атындағы көше жөндеуден өтті.