Технология • 21 Сәуір, 2022
Жеке куәлік алу процесі автоматтандырылады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин және Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мобильді кеңес барысында Нұр-Сұлтан қаласындағы ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ны аралап, қызметтерді цифрландыру процесімен танысты.
Қоғам • 21 Сәуір, 2022
Басшыларға жауапкершілік жүктейді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың адам құқықтары саласындағы шараларды кеңейту туралы Жарлығы көптің қолдауына ие болғаны белгілі. Құжатта «ерлер мен әйелдерге қатысты тең құқықтар мен мүмкіндіктер» қарастырылғаны қуантып отыр. Бұл нақты бір шешім қабылдау кезінде мемлекеттік органдардағы әйелдерге де аса қажет.
Қазақстан • 21 Сәуір, 2022
Полиция кадрларын даярлау: Жетістік пен жаңашылдық
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында саяси жаңғыруды біртіндеп жүзеге асыру мемлекетіміздің стратегиялық бағдарының басым міндеттерінің бірі екені, әділ әрі мықты мемлекет құрудың бірден-бір дұрыс жолы барлық өзгерісті еліміздің өзіне тән ерекшелігін ескере отырып, біртіндеп жүзеге асыру қажет екені айтылған болатын. «Жаңа Қазақстан: Жаңару және жаңғыру жолы» Жолдауында осы міндеттерді дер кезінде жүзеге асыру бағыттары айқындалды.
Қазақстан • 21 Сәуір, 2022
Қазақстандық оқушылар Гимназиадаға қатысады
Халықаралық мектеп оқушыларының гимназиадасы – 16-18 жас аралығындағы оқушыларға арналған ірі халықаралық мультиспорттық іс-шара. Бұл ірі халықаралық спорттық жоба алғаш рет 1974 жылы ұйымдастырылған. Бұған дейін Францияда төрт халықаралық гимназиада (Орлеан, 1976, Лилль, 1982, Ницца, 1986 және Кан, 2002) өткізілген. 2024 жылы Парижде Олимпия ойындары өтетінін ескерсек, оқушылар арасындағы бірегей халықаралық спорттық іс-шараның маңыздылығы зор.
Білім • 21 Сәуір, 2022
Еуроодақтың проблемасын елордалық студенттер талқылады
Елордалық ЖОО студенттері Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің бастамасымен өткізілген іскерлік ойынға қатысты. Студенттердің әрқайсысы белгілі бір экологиялық проблема бойынша түрлі мемлекеттің ұстанымын көрсетті.