Қазақстан • 21 Сәуір, 2022

Қазақстандық оқушылар Гимназиадаға қатысады

335 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Халықаралық мектеп оқушыларының гимназиадасы – 16-18 жас аралығындағы оқушыларға арналған ірі халықаралық мультиспорттық іс-шара. Бұл ірі халықаралық спорттық жоба алғаш рет 1974 жылы ұйымдастырылған. Бұған дейін Францияда төрт халықаралық гимназиада (Орлеан, 1976, Лилль, 1982, Ницца, 1986 және Кан, 2002) өткізілген. 2024 жылы Парижде Олимпия ойындары өтетінін ескерсек, оқушылар арасындағы бірегей халықаралық спорттық іс-шараның маңыздылығы зор.

Қазақстандық оқушылар Гимназиадаға қатысады

19-шы жазғы Гимназиада Францияда (Нормандия) биыл 14-22 мамыр аралығында өте­ді. 20 спорт түрінен сайыстар 9 қалада өткі­зі­леді: Кан, Довиль, Экув, Гранвиль, Гавр, Мон­тивилье, Пон-Одемер, Руан, Валь-де-Рей. 70 елден 3 500 оқушы бақ сынайды. Айта ке­тейік, Қазақстан бұл байқауға алғаш рет қаты­сады.

Қазақстан паралимпиадалық спорт түрлері мен брейк-данс / би спортынан басқа спорт түрлеріне қатысады. Қазақстандық делегацияны Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы бас­тап барады. Делегацияның құрамында 294 адам бар, қатысушылар саны бойынша ел құрамасы Франция мен Бразилиядан кейінгі 3-орында. Гимназиада бағдарламасы садақ ату, көркем гимнастика, жеңіл атлетика, бадминтон, 3х3 баскетбол, жағажай волейболы, бокс, би спорты / брейк-данс, семсерлесу, дзюдо, спорттық бағдарлау, ырғақты гимнастика, регби-7, жүзу, үстел теннисі, тхэквондо, күрес, паралимпиадалық: жеңіл атлетика, дзюдо, жүзу спортынан тұрады. Халықаралық жоба дүниежүзілік онлайн-платформаларда көрсетіледі.­

Гим­назиада ­өтетін ­Нормандия ­– Фран­­циядағы ең танымал аумақтардың бірі. Бұл аймақ өзінің тарихымен, әртүрлі қала­лардағы мәдени ескерткіштерімен, соны­мен қатар спортқа деген айрықша көзқарасымен әйгілі. Халқының төрттен бір бөлігі 20 жасқа толмаған жасөспірімдер, яғни бұл өңір жастарға бағытталған. Әртүрлі спорт түрі бойынша 7 880 спорт клубында 730 мыңнан астам спортшысы бар Нормандия – ұлт­тық және халықаралық спорттық іс-шара­лар жиі өткізілетін өте белсенді спорттық аймақ. Нор­ман­дияның ауылдық жерлері теңіз жаға­ла­уында орналасқан.

Бүкіл әлемнің жас спортшыларының қа­тысуы­мен өтетін ең беделді халықаралық муль­ти­спорттық іс-шарада қазақстандық оқу­шы­­лар еліміздің намысын қорғап, әлемнің түк­пір-түкпірінен келген оқушылар арасынан достар табуға, әлемді саяхаттауға мүмкіндік алады. Ел үмітін арқалаған жас спортшыларға сәттілік серік болсын.

13 мамыр күні Халықаралық Н.Назарбаев әуежайында Білім және ғылым министрінің қатысуымен спортшыларды шығарып салу рәсімі өтеді.