Аймақтар • 18 Сәуір, 2024
Өңірлерге 48 «Starlink» жіберілді
Еліміздегі бірқатар өңір су тасқынының зардабын тартып отыр. Бұл табиғи апат Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола облыстарындағы ұялы байланыс операторлар желісінің жұмысына да әсер етті. Қазір 12 елді мекенде базалық стансалар тасымалданатын генератормен жұмыс істейді. Барлық облыста мобильді операторлардың резервінде 300-ден аса генератор бар, оған 234 инженер жұмылдырылды. Төтенше жағдай жарияланған аймақтарда ұялы байланыс операторлары қызу жұмыс үстінде.
Технология • 18 Сәуір, 2024
Күйзелістен құтқаратын пернетақта
Жұмыс өнімділігі қызметкерлердің көңіл күйіне байланысты екенін ешкім жоққа шығармайды. Дамыған мемлекеттер бұған баяғыда-ақ баса назар аударып, реттеу тәсілін тапқан. Біздің елде де бұл ақырындап оңалып келеді. Мысалы, отандастарымыз пернетақтаның көмегімен адамның моральды-психологиялық жағдайын білетін жүйе ойлап тапқан.
Талбесік • 18 Сәуір, 2024
Аңызға арқау болған құланның қазақ сахарасында жөңкілген көштей еркін жайлағаны жөнінде мағлұмат мол. Бірақ кейінгі жылдары құла түзде жосылған керқұландардың өлкемізден азайып бара жатқаны айтылып та, жазылып та келеді. Мамандардың шырылдауы бекер емес, Германиядан сыйға берілген керқұландар 20 жылдың ішінде үйірге де жетпеген.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2024
Өлеңтіні жайлаған жұрт кешенді көмекті қажет етеді
Ақкөл-Жайылма алқабы мен Ақтоғай ауданының қырдағы халқы былтырдан бері әділдік іздеп, талай мекеменің табанын тоздырып келеді. Өлеңті өзенін көршілес Ерейментау ауданының «Айдар» шаруашылығы бөгеп тастап, 80-ге жуық шаруа қожалығын зар қақсатып отыр. Алайда су шаруашылығына жауапты министрлік пен саланың жергілікті ұйымдары аталған мәселені шешуге қауқарсыз. Жұртшылық мұны мал өсіріп отырған ағайынға қолдан жасалған қастандық деп бағалайды.
Кәсіпқой бокс • 18 Сәуір, 2024
Жәнібек пен «Джебтің королі» жуық арада жұдырықтасуы мүмкін
Қазақтың әйгілі кәсіпқой боксшысы, орта салмақтағы WBO мен IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасуға атақ-даңқы алысқа тараған жігіттердің өздері жүрексінетіні жасырын емес. Сол себепті де қазіргі кезде оған қарсылас табудың өзі оңай болмай тұр.