Руханият • 17 Сәуір, 2024
Бүгінгі кейіпкеріміз – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» құрмет белгісінің иегері, журналистикада да, мемлекеттік қызметте де іскерлігімен көзге түскен, поэзия мен прозада бақ сынаған, сатира жанрында бірнеше жинақ ұсынған белгілі қаламгер Өріс Яшүкірқызы.
Қоғам • 17 Сәуір, 2024
Облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы ұжымының ұйымдастыруымен ақын Әбілда Аймақтың туғанына 70 жыл толуына орай «Жырыммен жұбатқым келеді» поэзия апталығы өтті.
Спорт • 17 Сәуір, 2024
Париж-2024: Лицензиялық турнирде 16 балуанымыз белдеседі
Осы айдың 19-21 күндері Қырғыз елінің бас шаһары Бішкекте күрес түрлерінен Азия аймақтық іріктеу турнирі өтіп, Париж Олимпиадасы жолдамаларына талас қызады. Грек-рим күресі және еркін күрестен ер балуандар бес салмақ тұрғысында, ал бұрымдыларымыз алты салмақ бойынша белдесулерге шығады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Сәуір, 2024
Сенаторлардың су басқан өңірлерге сапары жалғасты
Сенатор Геннадий Шиповских Солтүстік Қазақстан облысындағы гуманитарлық көмек қабылдау пункттерін және эвакуация орталықтарын аралады. Депутат тұрғындармен кездесу барысында шығынды өтеу ережесі тұрғысында және мемлекеттік қолдау көрсету туралы көптеген сұрақтарға жауап берді. Ол зардап шеккендерге көмек көрсетуге атсалысқан еріктілерге алғысын білдірді. Сондай-ақ төтенше жағдайда тиімді әрекет ету және зардап шеккендердің өмірін қалпына келтіруге көмектесу үшін барлық тараптың күш-жігерін біріктіру қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 17 Сәуір, 2024
Сенатта орман шаруашылығы қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту мәселесі талқыланды
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық және өңірлік филиалдарының, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесіп, орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын көтеру және үстемақы төлеу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.