Аймақтар • 13 Сәуір, 2017
Оңтүстікқазақстандықтар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын үлкен стратегиялық мәні бар, қазақтың жарқын болашағын айқындап берген құжат ретінде бағалап, айтылған бастамаларға қолдау білдіруде. Шымкентте қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен ардагерлер кеңесінің 30 жылдығына орай өткен «Ырыс алды – ынтымақ» атты форумда зиялы қауым өкілдері, ардагерлер кеше ғана Елбасының «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақаласын қызу талқылап, ондағы айтылған идеялар ел дамуының болашақ бағдары екенін атап өтті.
Аймақтар • 13 Сәуір, 2017
Бас басылымда жарияланған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына орай Қарағанды облысы әкімдігінде алқалы жиын өтті. Елбасы мақаласының мәні мен маңызын талқылауға жергілікті биліктің белді өкілдері, қоғам қайраткерлері, белсенді жастар қатысты.
Қазақстан • 13 Сәуір, 2017
Кеше «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының кезектен тыс ХХVІІ конференциясы болып өтті.
Парламент • 13 Сәуір, 2017
Ұйым аясындағы ынтымақтастық нығаяды
Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин жетекшілік еткен жалпы отырыста депутаттар бірқатар заң жобасын талқылады. Оның ішінде депутаттар тарапынан қызу пікірталас тудырғаны көлік мәселелері бойынша түзетулерге қатысты заң жобасы мен Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдер арасындағы экономикалық, техникалық және сауда ынтымақтастығы туралы бас келісімге байланысты ратификациялық заң жобасы болды.
Қазақстан • 13 Сәуір, 2017
Тұлғалардан өнеге алуға шақырады
Жаһандық конъюнктураның өзгеруі және халықаралық бәсекелестіктің шиеленісуі жағдайында Қазақстан осы жылдан бастап экономикалық және саяси жаңғырудың жолына түскен болатын.