Жәдігер • 17 Сәуір, 2023
Екі иініне ел мұрасын қондырып елордаға Ертіс-Баян өңірі келді. Астанадағы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдығына орай «Алаш аманаты» атты көрме қойып, қарық қылып жатыр. Жәдігерлерді әкелген Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі.
Тарих • 17 Сәуір, 2023
«Ана туралы баллада» Бұл әннің алғашқы мәтіні басқаша болған
«Әлі есімде біледі жұрт біледі, Ел басына қатер төнген жыл еді, Қимастарын қан майданға ұзатып, Қарс айырылған аналардың жүрегі.
Әдебиет • 17 Сәуір, 2023
«Ұлттық поэзияның шыңы – Құлагер» деген ақын ағамыз. Іштен тындық. Ол тұста ақ пен қараны, жақсы мен жаманды айырыр жаста емес едік. Көзге дүлей көрініп, алапат сезілетін Еуропа ақындары, шетел жазушылары-тын. Әйтсе де, «Құлагерді» оқып шыққанбыз. Ұлттық поэзия ұғымы санаға ізденіс тәжірбиесімен нығырлап бекімеген соң, әрі сөз қуатын қузап түсінер желігі тайпалған ақыл болмағасын «жақсы екен» десіп қойғанбыз.
Әдебиет • 17 Сәуір, 2023
Паустовский Парижді ерекше жақсы көріпті. Паң қалаға деген бұл махаббатын өзі француздың терең мәдениетімен байланыстырады. 1962 жылы КСРО мен Батыс елдерінің басшылары арадағы дауды енді тек мәдениет қана тоқтата алатынын түсініп, түрлі рухани басқосулар ұйымдастыра бастайды. Соның бірінде Француз әдебиеті қоғамының шақыруымен Парижге кеңестің үш жазушысы келеді: Константин Паустовский, Виктор Некрасов, Андрей Вознесенский. Бұл жазушының сүйікті қаласына жасаған соңғы сапары болу керек.
Әдебиет • 17 Сәуір, 2023
Сіз де тарихи роман, хикаяларды, билеушілер туралы шығармаларды аз оқымаған шығарсыз. Билеушілер туралы тарихи дүниелердің кей тұстары жаныңды түршіктіреді ғой. Қантөгіс, қатыгездік, көнбегенді жазалау... Тарихта қашан да солай болғанын аңғару қиын емес және қайталанып келеді. Біз ондайда «қажет жерінде қатыгездік пен қаталдық керек, десек те, адамның заңғар ұлылығын сен сағынышымен есепте» деген Төлеген ақынның сөзіне жүгінеміз. Бойын ұлы сағыныш, іңкәр сезім билемесе, мың жерден батыр, айлакер патша болсын, оны ер деп тануға, адам деп санауға бола ма? Бұл аса үлкен һәм ұңғыл-шұңғыл, жым-жыласы көп тақырып болғандықтан әр қырынан келу керек шығар, алайда біз оқыған Морис Симашконың «Жусан» хикаясынан осындай ой түйдік. Шығарманы орысшадан Әбілмәжін Жұмабаев аударыпты.