Қазақстан • 10 Сәуір, 2018
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі қоғамдық бақылау жүргізеді
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі еліміздің барлық өңірлерінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру үрдісіне қоғамдық бақылау жүргізеді.
Қазақстан • 10 Сәуір, 2018
Темекінің зиянын біле тұра, бас тартпайды
Адам баласын тәуелді еткен зиянның бірі – темекі. Өкінішке қарай, зардабы орасан екенін біле тұра шылым шегуден дер кезінде құтылатындар қиын. Салдары белгілі. Темекімен қоғам болып күресудің нәтижелері қандай? Жуырда Алматы студенттерінің арасындағы темекі шегу мәселелерін зерттеудің қорытындылары жарияланды.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2018
Қайсыбір ортаны дүрліктіру үшін жел сөздің өзі жеткілікті. Ондай әңгіме бұқаралық ақпарат құралында жарияланса, отқа май құйғанмен тең. «Қарағанды облысында тұтас бір ауыл сатылады екен» деген қауесет шамалы уақыт ішінде шартарапқа жайылып үлгерді. «Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» деген рас, анығы солай болмаса да айтылған сөз негізсіз болмай шықты.
Сақтану өз алдына, сабақ алсақ, қане
Атам қазақтан қалған бір сөз «Сақтықта қорлық жоқ» дегенге саяды. Шынында, айтып келмейтін апаттар әлемде жиілеп кеткен секілді. Әсіресе 64 адамның, оның ішінде бейкүнә 41 баланың өмірін жалмаған Кемерово қасіреті кімді де болса ойландырғаны анық.
Халық – ұлы ұғымның атауы. Оның рухы, жасампаздығы, құдіреті өлшеусіз. Халық тағдыры – ел, мемлекет, жер-су, болашақ тағдыры. Халықтың тарихы, тілі, мәдениеті, көркемөнері, мифологиясы, ақыл-ойы, парасаты, дүниетанымы, дәстүрі, шаруа-кәсібі, даналық тәжірибесі, көзқарасы, ғұрып-салттары – мәңгілік игіліктеріміз, алтын тамырымыз, асыл жауһарымыз.