Қоғам • 17 Сәуір, 2024
Мына мазасыз әлемде дамыған елдердің өзі де жасөспірімдердің саулығы мен тәрбиесіне қатысты мәселелерде қауқарсыз. Жаһандық деңгейде қимылдайтын ұйымдар да оңы мен солын түгел танымаған жасөспірімдердің, оның ішінде он жастағы қыз балалардың репродуктивті денсаулығын бірінші кезекке қоюы бекер емес. Қалай десек те, жасөспірімдер арасындағы жүктілік – қоғамның жіті назар аударуын талап ететін көкейкесті мәселе.
Руханият • 17 Сәуір, 2024
Қазақ-қырғыз бір туған, алға қарай ұмтылған...
Қырғыз Республикасының Президенті С.Жапаров пен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың арасындағы жылы қарым-қатынастың арқасында екі ел арасындағы экономикалық, мәдени және ғылыми байланыстар айтарлықтай ілгерілеп, нақты, табысты жұмыстар атқарылып жатыр. Екі президент Бішкекте, Ыстықкөлде, Астанада бірнеше рет кездесіп, қырғыз-қазақ халықтары арасындағы ынтымақ пен бауырластықты нығайтуға күш-жігерін жұмсап келеді.
Қоғам • 17 Сәуір, 2024
Ұлттық бірегейлік: тіл ме, дін бе?
Барша ұлттың өз ерекшелігі бар. Ол ғасырлар бойы қалыптасатын мемлекеттің мүддесіне, ұлттың тарихы және өмір сүру тәжірибесіне байланысты. Ұлттық бірегейлік санатына дүниетаным, ана тілі, ділі, дәстүрі, мәдениеті, діні, халықтық өнер түрлері, атамекені, Отандық рухты негіздеп отыратын ата кәсіп түрлері, білім және ғылым жатады.
Қоғам • 17 Сәуір, 2024
Қайырымдылық заң аясында жасалуы қажет
Қазір құзырлы органдар елдегі су тасқынымен қатар, алаяқтармен де күресіп жатыр. Өйткені халық басына іс түскен қиын-қыстау уақытты «ұтымды» пайдаланып, «аңқау елге арамза молда» болып отырғандар тіпті әкім-қаралардың атынан қаржы жинауға көшкен. Құзырлы орган қарапайым халықты WhatsApp, Telegram мессенджерлері арқылы таралып жатқан жалған ақпаратқа сенбеуге, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, сондай-ақ қаражат аудармауға шақырады.
Ғылым • 17 Сәуір, 2024
Жаңа бағдарламамен Кореяға барады
Отандық ғалымдар «500 ғалым» бағдарламасымен Оңтүстік Кореяда тағылымдамадан өте алады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.