Ең қысқа әңгіме • 24 Сәуір, 2020
Төтенше жағдай режімін және карантиндік шараларды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау кезінде әскери қызметшілер батылдық пен өжеттілік, тапқырлық пен қарапайым адамгершілік қажет болатын әртүрлі оқыс жағдайларға кездеседі.
Руханият • 24 Сәуір, 2020
Жаһанға жайылған коронавирус індеті бүкіл елдің үрейін ұшыруда. Бұл елімізге төтенше жағдай жариялауға дейін жеткізді. Карантин жарияланғалы полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан жауынгерлері бірлесе қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде тәулік бойы қызмет атқарып жатыр. Ұландықтар республика бойынша мемлекеттік маңызды мекемелер мен стратегиялық нысандарды ерекше бақылауға алды.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2020
Карантин қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін қажет
Дүние жүзін дүрбелеңге салған коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу және эпидемиологиялық жағдайдың асқынуының алдын алу мақсатында Шымкент қаласы да Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан соң карантинге жабылды. Әлі ем-домы табылмаған індеттен қорғанудың төте жолы – үйде болу, оқшаулану ғана болып тұр. Бұл бірінші кезекте ірі қалалар үшін ауадай қажет еді. Төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Оңтүстік – халқы тығыз орналасқан өңір. Сондықтан індеттің таралуын тоқтатпасақ, жағдайды ушықтырып аламыз» деп, жергілікті атқарушы органдарға карантин шараларының орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырған болатын.
Қоғам • 24 Сәуір, 2020
Күрд балалары енді қазақ тілінде оқиды
Заманында тағдырдың жазуымен өзге ұлт өкілдерінің қазақ жеріне келіп, тұрақтап қалғаны тарихтан белгілі. Бүгінде олар да ұлтымызбен бірге өркендеп, өсіп отыр. Ал отызыншы жылдардың орта шенінде көптеген ұлт өкілімен қатар Әулиеата өңіріне Әзербайжан елінен де күрд азаматтары қоныс аударған болатын.
Білім • 24 Сәуір, 2020
Оқытушылардың онлайн туралы ойы қалай?
Қашықтан оқыту жүйесінің бір тиімділігі студент ақпараттық технологиялар арқылы еркін түрде білім ала алады. Цифрлы әлеуеттің көкжиегін аша түседі. Сонымен қатар студенттер білімін жетілдіреді әрі өндірістен де қол үзбейді. Бұл жүйені жан-жақты қарастырып, ұтымды тұстарын жинақтап, біртіндеп қабылдап, жүзеге асырып жатқан жоғары оқу орындары бар.