Руханият • 24 Сәуір, 2020
Бірде Түркияға саяхат барысында кездейсоқ бір ақсақалмен әңгімелестім. Өмірден түйгені мол түрік қариясы: «Дұға-батаның қуаты орасан. Ғасырлар бойы ата-бабаң кәсіп еткен дүниемен айналысудың берекеті бар. Өйткені бұл дұға-тілекпен бекіген, тамыры бар дүние, сосын балама ақшаң көбейсе аяқ киім тігумен кәсіби түрде айналыс, мен де, менің әкем, оның әкесі де етікші болған деп ақыл айттым. Қазір шүкір, шаруасы дөңгелеп тұр», деді.
Руханият • 24 Сәуір, 2020
Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Аллаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын! Құрметті отандастар! Баршамызды қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізген Аллаға сансыз шүкірлер болсын! Сіздерді исі мұсылманның ұлық айы – Рамазанның келуімен шын жүректен құттықтаймын! Әр отбасына бақыт пен береке, бірлік пен татулық тілеймін! Алла тағала ұстаған оразамызды, жасаған дұғамызды, орынды себептермен ауыз бекіте алмай қалған жандардың қайырлы амалдарын қабыл еткей! Әмин! Өздеріңізге белгілі, елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты мешітте жамағатпен оқылатын намаздарға уақытша шектеу қойдық. Әр азаматтың өмірі мен денсаулығы қымбат құндылық болғандықтан, жұқпалы індеттің алдын алу үшін осындай шешім қабылдауға мәжбүр болдық.
Қоғам • 24 Сәуір, 2020
Кеше Үржар ауданының Көктал ауылында екі аптадан бері сиырлардың белгісіз індеттен қырылып жатқанын, оның саны 200-ден асқанын жазған едік. Осы жағдайға байланысты ауылда арнайы комиссия жұмыс істеп, беймәлім індеттен өлген ірі қара санын анықтап жатқанын да хабарлағанбыз. Біз кеше Көкталда жұмыс істеп жатқан комиссия мүшелерімен телефон арқылы сөйлесіп, мән-жайды білгенімізде 10 сәуірден бастап өлген мал саны 253-ті құрағанын жеткізді. Оның 123-і бұзау, 77-сі сиыр, 53-і торпақ екен.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2020
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және өңір әкімдеріне карантин кезінде халықтың коммуналдық төлемдерін төмендету бойынша іс-шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Қазір Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің шешімімен төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеудің қағидалары бекітілді.
Қоғам • 24 Сәуір, 2020
Өңірлерде жұқпалы індеттің салдарынан емханалар мен ауруханаларда ем алатын науқастар саны күрт азайған. Әрине қауіпсіздік шарасы күшейіп, адамдардың үйден шықпай отырғаны тиімді болғанымен, тұла бойына дерт жабысқан тұрғындардың дәрігерге бәрібір жүгінуге мәжбүр болатыны анық. Бірақ бұл тығырықтан шығудың да жолы бар екен.