Президент • 24 Сәуір, 2020
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады.
Руханият • 24 Сәуір, 2020
Перзенттік парыз, азаматтық белсенділік
Түркістан өңірінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы Жарлығынан кейін ерікті әскери жасақта қызмет еткісі келетіндер қатары көп болды. Ол заңды да. Еліміздің қауіпсіздігі, болашағы үшін мұндай кезеңде әркімнің азаматтық белсенділігі маңызды, перзенттік парызы міндетті.
Медицина • 24 Сәуір, 2020
Әлемде 2 млн-ға жуық адам коронавирус жұқтырды. Адамзатты әбігерге салған індет елімізді де айналып өтпеді. 2300-ден астам қазақстандық жұқпалы дерттің құрығына ілінді. Бүгінде ауруды ауыздықтаудың бірден-бір жолы карантин екенін дүние жүзі халқы толық түсініп отыр. Хадисте «жұқпалы ауруға шалдыққан адамнан жыртқыш хайуаннан қашқандай қашыңдар (қорғаныңдар)» делінген екен. Ал қазақ ғұламалары бұл жайлы не айтқан?
Қоғам • 24 Сәуір, 2020
4 миллионнан астам әлеуметтік төлем алды
Биыл 23 сәуірдегі жағдай бойынша төтенше жағдай кезінде кірісінен айырылуға байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 4 млн 146 мың әлеуметтік төлем берілді. Оның ішінде алғашқы айда – 3 млн 727,5 мың, екінші айда – 418,5 мың төлем берілді.
Медицина • 24 Сәуір, 2020
Медицина қызметкерлеріне 3,3 млрд теңге аударылды
Орталық коммуникациялар қызметінде коронавирусқа қарсы іс-қимыл шараларына қатысатын медициналық ұйымдарды қаржыландыру мәселелеріне арналған онлайн баспасөз мәслихаты өтті. Іс-шараға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов, сондай-ақ басқарма төрағасының орынбасары Марат Шоранов қатысты.