Әдебиет • 24 Сәуір, 2020
Мәртебелі сыйлық һәм киіз ұлтарақ
Төлтайдың таңдайы Гоби шөліндей қаңсып, көшеден қос уысымен көсіп алған арықтың суын әкесінің бұлағына бас қойғандай аусарлана сіміріп салды. Содан соң кең маңдайынан бұрқ еткен терді қолының қырымен қырманда дән күрегендей бір күреп сыпырып тастап, көзін алайтып жан-жағына қарады. Осыдан тұп-тура отыз үш жыл бұрынғы Алматы менің де көз алдымда сурет болып тұра қалған: қала таң нұрына бөленген, ауа тап-таза, су тұп-тұнық, құс сайрап мәре-сәре.
Саясат • 24 Сәуір, 2020
Президенттік институт – мемлекеттілік тірегі
1990 жылғы 24 сәуірде Қазақстанда тұңғыш рет президенттік институт құрылып, сол кезде өткен Жоғарғы Кеңес отырысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ КСР Президенті болып сайланды. Бұл айтулы оқиғалар Қазақстанның мемлекеттігі мен егемендігінің нығаюында, сондай-ақ еліміздің табысты дамуында маңызды рөл атқарған президенттік институттың қалыптасуының бастамасы болды.
Өнер • 24 Сәуір, 2020
Қазақ қыздарының әншілік мәдениеті
Қазақтың әншілік өнерінде қыздарға ғана тән орындаушылық үлгі бар және оның мәдениеті ертеден қалыптасқан десек, осы пікірімізге келіспейтіндер көп болатын шығар. Оның басты себебі – кезең бөлек, талғам басқа, ән дәстүрінің асыл арқауы сөгіле бастаған бағзы заманды бастан кешірудеміз, өкінішке қарай. Қазақ қыздары шығармашылығында вокалдық стильдің төл мәнері, шығарманың өзіндік композициясы, керек десеңіз, репертуары мен орындаушылық харекеттердің өз әдебі мен ғұрпы болған дегендей уәжге барсақ, бүгінгі ойшыл қауымды иландыру әурелі іс болуы мүмкін. Ұлттық әншілік өнерді көбінесе ерлерге тән сал-серілік дәстүрі деп ұғуға бейімбіз, алайда қазақтың ән антологиясы тек осымен шектелмейді. Тұрмыстық-толғаулы әндердің дені қыздардың әншілік дәстүрінен өрбиді.
Тарих • 24 Сәуір, 2020
Екінші дүниежүзілік соғыс: тұтқындар тағдыры
КСРО әскерлерінің соғыстың алғашқы екі жылында жеңіліске ұшырап, шегінуі, тіптен 1942 жылы майдан шебінің Еділдің жағасына дейін жетуі үлкен шығынға душар еткені мәлім. Тек соғыс басталған 1941 жылдың 22 маусымынан бастап желтоқсан арасында 2 млн-ға жуық кеңес әскері тұтқынға түсті. 1941 жылы жаздың шілде-тамыз айларында тұтқынға түскен КСРО солдаттары мен командирлері Украина мен Белоруссия, Балтық бойы елдерінде фашистердің жасақтаған уақытша лагерьлерінде адам төзгісіз жағдайда ұсталды. Сол уақыттан бастап гестапо және абвер бөлімдері ол тұтқындарды ұлттық тегіне қарай бөлу жұмыстарын жүргізді.
Руханият • 24 Сәуір, 2020
Корейлер отандасымыздың ерлігіне риза
Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяда 10 адамды өрттен құтқарып, жергілікті халықтың ыстық ықыласына бөленді.