Қазақстан • 09 Сәуір, 2018
Астана және Алматы қалаларында тергеу соттары құрылуда
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне (ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне) құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы өткен жылы бекітіліп, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Енді осы заңның 2-бабына сәйкес, 2018 жылдың 1 наурызынан бастап еліміздің он төрт облысы мен Астана және Алматы қалаларында тергеу соттары өз қызметтерін жүзеге асырады.
Медицина • 09 Сәуір, 2018
Тағдырдың жазуымен дәм-тұзы жараспай, жолы екіге айырылған ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікті бөлісу барысында келісімге келе алмай соттан сотқа жүгіну оқиғасы қоғамда жиі кездеседі. Бірі екіншісіне артық үлес кетті деп әбден әуре-сарсаңға түседі. Сөйтіп ортақ мүлікті бөлісе алмай, жылдар бойы соттың табалдырығын тоздырады. Оған көптеген уақыттары зая кетіп, жүйке жұқарады. Мұны болдырмас үшін не істеу керек? Бүгін осы және өзге де сұрақтарымызға Астана қаласы адвокаттар алқасының мүшесі Тұрсын Төлегенқызы жауап береді.
Қазақстан • 09 Сәуір, 2018
Жәбірленушілер мүддесін қорғаудың заңнамалық қадамы
Еліміздің Ата Заңында және халықаралық құқық нормаларында адам, оның құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық екені белгілі. Осыған орай бұл заңнама талаптары қашанда орындалуға тиіс. Мәселен, жәбірленушілерге қылмыспен келтірілген залалды өтеу бойынша олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау назардан тыс қалмауы керек. Бүгінде бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Біз осы мәселелер төңірегінде Парламент Мәжілісінің депутаты Василий Олейникпен әңгімелескен едік.
Қазақстан • 09 Сәуір, 2018
Сегіз серінің туғанына – 200 жыл: «Ажарың ашық екен атқан таңдай»
1958 жылы Қазақ телевизиясы жарыққа шықты. Теледидардан күнде 20 минуттық бір-ақ концерт көрсететін. Күнде тыңдаған соң, әрине, сол концертті толайым жатқа білетінбіз. Сол бейнематериалдағы ән-би ансамблінің ерлер тобы тізерлеп отырып «Ай қабақ, алтын кірпік, қызыл ерін» деп ән салғаны әлі көз алдымда. Кейін музыка мектебінің бастауыш класында оқып жүргенде папам Латиф Хамиди нотаға түсірген «Илигай» мен «Ақбақайды» сыйлады. Үйге келген қонақтар «Ғайни», «Қарғаш», «Алқоңыр» әндерін қосылып айтатын. Тек қана «Гауһартасты» Бибігүл апайдан басқаның айтқанын жаратпайтынмын. Барлық қазақ білетін бұл әндердің авторы бір жарым ғасыр бойы жалпы жұртшылыққа беймәлім еді, ал нақтылы білетіндер үндемеді. Неге екенін уақыт өте түсіндік.
Парламент • 09 Сәуір, 2018
Кооперативтер туралы заң талабы орындалмауда
Жеке шаруашылықтар қолдауға зәру.