Ән • 16 Сәуір, 2025
Кейде бір ән ойыңнан шықпай қояды. Ыңылдап, күні бойы айтып жүресің. Ән тыңдап отырмасаң да, есіңде қалған қайырмасы қайта-қайта бейсанада жаңғырып тұрады. Қайда жүрсең де, не істесең де, әлгі әуен шыр айналып кетпей қояды. Осы күй сізге де таныс шығар. Ғалымдар мұны «құлақтағы құрт» деп атайды.
Марапат • 16 Сәуір, 2025
Әлемге әйгілі Нобель сыйлығы математиктерге берілмейтінін жақсы білеміз. Бірақ үздік математиктерге Нобельге пара-пар Абель марапаты табысталады. Атауының да ұйқаса кеткенін қарасаңызшы? Бұл сыйлық 2002 жылы Норвегия үкіметі тарапынан математик Нильс Хенрик Абельдің 200 жылдығына орай тағайындалған. Жүлде қоры — 7,5 миллион крон, шамамен 710 мың доллар.
Ғалам ғажаптары • 16 Сәуір, 2025
Аспанмен таласқан алып ғимараттарымен әйгілі Токио ғасырлар бойы жер сілкінісі, цунами, тіпті жанартау атқылауына қарсы күресіп келе жатқаны аздай, енді тағы бір мәселеге тап келді. Қала жыл сайын сантиметрлеп шөгіп бара жатыр.
Таным • 16 Сәуір, 2025
Атажұрттағы қара шаңырақта отырған кенже ұл қоныс аударуға бел байлапты. Елдің үлкендеріне дәм беріп, баталарын алып аттанбақ. Бізге де ішінде болыңдар деген хабар жетті. «Өздерің өскен үйде бір қонып кетіңдер. Енді ондай сәт туа қоймас» деген. Хабарды естіген кезде ішім уылжып кетті. Ара-тұра, әсіресе үлкен айтта ауылға бара қалғанымызда ат басын тірейтін қара орманымыз еді.
Өнер • 16 Сәуір, 2025
«Берейін жүрегімді тиек қылып...»
Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттiк драма және комедия театрында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 2019–2023 жылдары мәдениет вице-министрі қызметін атқарған Нұрғиса Дәуешовтің «Тиек» атты шығармашылық кеші дүркіреп өтті.