Марапат • 16 Сәуір, 2025

Абельдің иегері анықталды

1933 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемге әйгілі Нобель сыйлығы математиктерге беріл­мейтінін жақсы білеміз. Бірақ үздік математиктерге Нобельге пара-пар Абель марапаты табыс­талады. Атауының да ұйқаса кеткенін қарасаңызшы? Бұл сыйлық 2002 жылы Норвегия үкіметі тарапынан математик Нильс Хенрик Абельдің 200 жылдығына орай тағайындалған. Жүлде қоры — 7,5 миллион крон, шамамен 710 мың доллар.

Абельдің иегері анықталды

Норвегия ғылым ака­демиясы­ биылғы Абель сыйлығын Киото уни­вер­ситетінің матема­тигі Масаки Касивара ие­ле­­не­тінін жариялады. Сыйлық 78 жастағы ға­лымның алге­бралық талдау мен бейнелеу теория­сына қосқан іргелі үлесі үшін беріліп отыр. Әсіресе оның D-модульдер тео­риясын дамытуы мен крис­тал­дық базистерді ашуы ғылымда жо­ғары бағаланды. Бұл – атал­ған сыйлықтың тарихында жапон өкіліне алғаш рет берілуі. Масаки Касивара заманауи мате­матиканың дамуына зор үлес қосты. 1980 жылдары ол ғасыр басы­нан бері шешілмей келген «Риман–Гильберт есебін» жаңа­ша әдіспен шешкен еді.

Математиктерге 1924 жыл­дан бері Филдс сый­­­лығы да беріледі. Ол алгеб­­ра­лық функциялар ілімінің негізін қалаушы канадалық ғалым Джон Чарльз Филдс­тің құрметіне орай бел­гі­ленген.