Ауыр атлетика • 20 Сәуір, 2021
Азия чемпионатын табысты бастады
Өзбекстан астанасы Ташкентте жалауы желбіреген ауыр атлетикадан лицензиялық Азия чемпионаты қазақстандық спортшылар үшін сәтті басталды. Сары құрлықтың ең үздік атлеттері жиналған байрақты бәсекенің алғашқы күнінде жарыс жолына шыққан екі жерлесіміз бір салмақтың алтын және күміс медальдарын иеленді.
Әлем • 20 Сәуір, 2021
COVID-19: Планетадағы жағдай тұрақсыз
Бір жылдан астам уақыт бұрын әлемді әуреге салған пандемияның шеті көрінер емес. Қайтыс болғандар саны 3 млн-нан асты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы індет жұқтырғандар қатары соңғы екі айда екі есе өсуіне алаңдап отырғанын жеткізді.
Әлем • 20 Сәуір, 2021
Ресей Халықаралық ғарыш стансасынан шығады
Ресей 2025 жылға қарай Халықаралық ғарыш станса (ХҒС) жобасынан шығатынын хабарлады. Бұл туралы ел премьер-министрінің орынбасары Юрий Борисов мәлімдеді.
Әлем • 20 Сәуір, 2021
Куба коммунистерінің басшысы Рауль Кастро партия орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметінен кететінін хабарлады. Бұл туралы ол Куба Коммунистік партиясының 8-съезінде мәлімдеді. Әлем елдері бұл жаңалықты Кастролар билігіне нүкте қойылды деп қабылдады.
Руханият • 20 Сәуір, 2021
Көк түріктердің тотемі Тарбағатай тауының сонау биігіндегі Ақберлі шыңында да кездеседі. Шақырымдарды алып жатқан ол петроглифтер бәлендей зерттеле қойған жоқ. Ара-тұра ғылыми экспедициялар ұйымдастырылып тұрғанымен, аз уақыт ішінде тас бетіндегі бәдіздерді толық тану мүмкін емес.