Оқиға • 16 Сәуір, 2024
32 адам тойға барып уланып қалды
14 сәуірден бастап Екібастұздағы қалалық ауруханаға улану белгілерімен жүгінген шағымданушылар жиілеген. Анықталғандай, науқастар 13 сәуір күні қаладағы мейрамханалардың бірінде өткен іс-шараға қатысқан, деп жазады Egemen.kz.
Күрес • 16 Сәуір, 2024
Қырғызстанда әйелдер күресінен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы жарысты төрт жүлдемен қорытындылады. Әрине, бұл көңіл көншітерлік көрсеткіш емес. Ең өкініштісі, бозкілемге шыққан бұрымдыларымыздың бірде-бірі ақтық сынға жете алмады.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2024
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Түркістан облысының аудан-қалаларында ұйымдастырылып жатқан ауқымды жұмыстардың ұраны түрлі болғанымен, мақсаты бір. Көше-каналдар, арық-атыздар тазаланып, ауыл-аймаққа көрік беріп, сая болатын ағаштар отырғызылып жатыр.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2024
Түн жарымында әлеуметтік желіде Жамбыл ауданына қарасты Жасөркен ауылын су басты деген ақпарат тарады. Әйткенмен, жағдай әлеуметтік желі қолданушылары таратқандай ушықпаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Сәуір, 2024
Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу сайысында еліміздің теннисшілері сәтсіз өнер көрсетті. Олар Токиода Жапония құрамасынан 1:3 есебімен ойсырай ұтылды. Алғашқы күні Нао Хибино Анна Данилинаны бас көтертпей жеңсе, Юлия Путинцева Наоми Осакаға есе жіберді. Келесі күні Путинцева атақты Осаканың осал тұсын таба алмады. Одан кейін Анна Данилина мен Жібек Кұламбаева жұбы Сюко Аояма мен Эна Сибахараға сан соқтырды.