Ұстаз • 27 Сәуір, 2023
Тәуелсіз еліміздің бәсекеге қабілетті мемлекет болуына, заман ағысымен қатар өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген, «Бейбіт күннің батырлары» деген атқа лайықты, білімді де білікті азаматтар бар арамызда. Солардың бірі – бiлiм беру iсiнiң үздiгi, «Құрмет» орденiнiң иегерi, Ордабасы ауданының Құрметтi азаматы, ұлағатты ұстаз Мәрия Зәйтүнқызы.
Тұлға • 27 Сәуір, 2023
Димекең ерекше қадірлеген азамат
Сөз зергері, журналист, жазушы, баспагер Серік Әбдірайымұлының дүниеден өткеніне он жылға жуықтап қалды. Көзі тірі болса биыл сексенге толар еді... «Мен – «Жас Алаштың» қазанында қайнаған азаматпын. Бұл басылым маған ыстық. Тұңғыш еңбек жолым осы газетте басталған», деп Серік жастар басылымын аузынан тастамай отыратын-ды.
Руханият • 27 Сәуір, 2023
Жас адамның ерте қартайғанынан, қарт адамның жаспын дегені қауіптірек секілді. Даналыққа, ізгілікке ұмтылмаған соң адам өмірдің мәнін өзгеше түсінеді.
Әдебиет • 27 Сәуір, 2023
«Он сан Орта жүзге ұран болған» Ер Олжабайдың ерлігі Мәшһүр Жүсіп жазбалары мен Жаяу Мұсаның «Олжабай батыр» дастаны арқылы халыққа жетсе, батырдың қайраткерлік қырына тарихи тұрғыдан баға берген ғалым Әлкей Марғұлан еді. Батыр бабасы жайында ғұмыр бойы жиған деректерін ғұлама өмірден өтер шағында ұрпағына аманаттап аттанды. Қатпарлы тарих қазынасы жуықта «Олжабай батыр» атты кітап болып басылып шықты.
Фотогалерея • 27 Сәуір, 2023
Қостанайда жергілікті орнитолог-ғалым Алексей Тимошенконың 20 жыл бойы түсірген фотосуреттерінің көрмесі ашылды. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозиция залына орналасқан көрменің ашылу рәсіміне жергілікті биолог-ғалымдар мен Науырзым қорығының ғылыми қызметкерлері қатысты. Көрмені тамашалауға келгендерге орнитологтің ұлы Никита Тимошенко тамаша күй орындап берді. Никита үш жылдан бері домбыра үйірмесіне барып жүр.