Су тасқыны • 27 Сәуір, 2024
Барбастау – Индер тасжолы бұзылды
Сәуірдің 26-сы күні Жайық өзенінің деңгейі Орал қаласы тұсында 855 см болып, бір тәулікте 4 см төмен түсті. Тек Тайпақ ауылы маңында ғана Жайық 10 см көтеріліп, сай-саланы суға толтырып барады. Барбастау – Ақжайық – Индер тасжолын тасқын су бұзып өткен.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2024
Керекуліктер жаппай көшет екті
Осы аптада «Жасыл аймақ» апталығы жарияланып, барлық аудан-қалаларда ағаш көшеттері отырғызыла бастады. Ертіс-Баян өңірінің жұртшылығы да тазалық акциясына айтарлықтай атсалысып жатыр. Аға буын мұндай экологиялық іс-шара жас ұрпақты қоршаған ортаны қорғауға баулуға үлкен сеп болады деген пікірде.
Талбесік • 27 Сәуір, 2024
2 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды
Өңірде сәуірдің сегізінен бері өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясына облыс, қала, аудан әкімдерінен бастап, бүкіл жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, Ассамблея мүшелері, ЖОО мен колледж студенттері мен оқытушылар, волонтерлер, полиция, антикор, прокуратура құрылымдары, қарапайым тұрғындар белсене қатысуда.
Спорт • 27 Сәуір, 2024
Қырғыз Республикасында өткен Азия чемпионатында Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері төрт жүлде (1 алтын+ 2 күміс+1 қола) еншілеп, жалпыкомандалық есепте төртінші орынды қанағат тұтқанымен, есесіне лицензиялық турнирде тәуір көрсеткішке қол жеткізді. Бішкектің бозкілемінде күш сынасқан бес жерлесіміздің үшеуі Париж Олимпиадасында бақ сынайтын балуандардың тізіміне қосылды.
Аңдатпа • 27 Сәуір, 2024
Аңдатпа: «Ақтөбе, біз біргеміз»
28 сәуір - Астана қаласы әкімдігі Музыкалық жас көрермен театрының Ақтөбе облысындағы су тасқынына ұшыраған жұртшылықты рухани қолдау мақсатындағы сапары аясында М.Әуезовтің «Абай–Тоғжан» музыкалық драмасы ұсынылады. Режиссері – Асхат Маемиров.