Әлем • 06 Сәуір, 2017
Қазақстанның даму қағидалары талқыланды
Еліміздің Сингапурдағы елшісі Үсен Сүлеймен аталған мемлекеттің ірі компанияларының өкілдеріне Қазақстандағы конституциялық реформалардың және Елбасы Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру бағытында брифинг ұйымдастырды. Бұл туралы Қазақстанның Сингапурдағы елшілігі хабарлады.
Президент • 06 Сәуір, 2017
Сипаты бөлек, мазмұны терең жолдау
Президент Жолдауына сенім мен қолдау көрсете отырып, кейбір іс-шаралар туралы ой-пікірімізді ортаға салып көрелік. Бізде осыдан 6-7 жылдан бері жүргізіліп жатқан индустриялық-инновациялық бағдарлама, яғни технологиялық негізде жаңғыру жүргізіліп жатыр. Ол – тек біздің ғана емес, барша әлемнің келешегін анықтайтын, оның іске асуына әлемнің миллиардтаған халқының үлкен үміт артып отырған өзекті мәселе. Оны кеше айтты немесе бүгін айтты дейтін емес, ол барша әлемнің күн тәртібінен түспейтін проблема.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2017
«Invest in Kostanay» инвесторлардың қызығушылығын арттырды
Қостанай облысының экономикалық жетістіктері шет мемлекеттердің елшілері мен ірі бизнес өкілдеріне кеңінен таныстырылды.
Қазақстан • 06 Сәуір, 2017
Судьялық әдеп кодексі халықаралық талапқа сай
Кешегі дана билердің дәстүрін бүгінгі әлемдік тәжірибемен байыта отырып дамытқан еліміздің сот корпусы Тәуелсіздіктің 25 жылында биік белестерді бағындырды. Өйткені, кешенді сот реформасының жүзеге асуына қозғаушы күш – судьялар корпусы ғана болып табылады. Сондықтан, бүгінгі қазыларымыздың жалпы мінез-құлық қағидаттары қандай болу керектігі жайында мәселе туындаған кезде, ең алдымен, Судьялық әдеп кодексін басшылыққа аламыз.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2017
Қостанай десек, алдымен ойға «астықтың астанасы» деген тіркес келеді. Қаратопырақты, құнарлы Қостанай жері бидай мен өзге дақылдарды егіп, күтіп, баптауға таптырмас мекен. Негізгі жұрты егіншілік кәсіпке дағдыланған. Аталған аймақтың өнеркәсіп көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4,3 пайызға артқан. Бұл нақты көлем индексі бойынша 100,3 пайызды құрап отыр. Өндірісі, өңдеу саласы да өркендеп келеді. Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде облыс басшысы Архимед Мұхамбетов баспасөз мәслихатын өткізіп, өңірдің өмірі туралы кеңінен баяндады.