Саясат • 29 Сәуір, 2021
Сенім мен сабақтастық салтанаты
Елордада еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» тақырыбындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті. Жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.
Пікір • 29 Сәуір, 2021
Тәуелсіздік жылдарында көптеген жаңа бастама қолға алынды. Солардың арасында Қазақстан халқы Ассамблеясын құру ісі ерекше аталады. Елбасының бастамасымен құрылған ұйым бүгінге дейін ел бірлігі мен татулығының нышаны болып келеді.
Ғылым • 29 Сәуір, 2021
Жас ғалымдарға жаңаша мүмкіндік
Ғылым – мемлекеттің мерейін асырып, қоғамды жарқын һәм жаңашыл арнаға жетелейтін бірден-бір күш екені анық. Оның қанат жайып қарқындауы тұтас елдің болашағына тікелей әсер ететіні белгілі. Осы ретте жыл сайын Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Ғылым апталығы» ұйымдастырылады. Аталған шара биыл да жалғасын тапты.
Білім • 29 Сәуір, 2021
Альбина Андреева елімізде алғаш рет өткен компьютерлік ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) бірінші болып тапсырды. Төрт сағат берілетін тестілеуді 1 сағатта тапсырып шыққан талапкер жаңа жүйенің ыңғайлылығына, ойдағыдай өткеніне ерекше қуанды. Бұрындары тестілеуге кірген-шыққан түлектердің басым бөлігі үрей мен үміттің жетегінде жүретін. Ал бұл тестілеудің тест тапсырушыларға ұнағанына қарағанда, ҰБТ-ның «бағы» биыл жанғандай. Әлде бабы келіскені де осы жылға дөп келді ме екен?..
Елбасы • 29 Сәуір, 2021
Бұдан 20 жыл бұрын Тұңғыш Президентіміздің Норвегияға бірінші ресми сапары болды. Нұрсұлтан Назарбаевтың Ослоға ат басын бұруы осы скандинавиялық елмен ынтымақтастықтың іргетасын қалады. Оқырмандар назарына қазақстандық және норвегиялық сарапшылардың Елбасының алғашқы сапарының тарихи мәні мен қазақстан-норвегиялық қатынастардың перспективалары туралы пікірлерін ұсынамыз.