Ғылым • 29 Сәуір, 2021

Жас ғалымдарға жаңаша мүмкіндік

210 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ғылым – мемлекеттің мерейін асырып, қоғамды жарқын һәм жаңашыл арнаға жетелейтін бірден-бір күш екені анық. Оның қанат жайып қарқындауы тұтас елдің болашағына тікелей әсер ететіні белгілі. Осы ретте жыл сайын Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Ғылым апталығы» ұйымдастырылады. Аталған шара биыл да жалғасын тапты.

Жас ғалымдарға жаңаша мүмкіндік

Ұйымдастырушылар апталық­тың екі түрлі маңыздылығын алға тарта­ды. Біріншіден, университеттің ғылы­ми-зерттеу қызметінің жыл­дық қорытын­дысын шығару. Екін­шіден, ғылымға жас ғалымдар мен студенттерді, магистранттарды, док­торанттарды тарту, олардың ғы­лы­ми әлеуетін көтеру мақсатында түр­лі дөңгелек үстелдер, белгілі ғалым­дармен дәрістер, вебинарлар өткізу.

«Дәстүрлі түрде өтетін іс-шара биыл да ұйымдастырылып жатыр. Ап­та­лық аясында «Жастар және ғылым: бү­гіні мен болашағы» тақырыбында респуб­ликалық студенттер, магистранттар, док­торанттар мен жас ғалымдардың ғы­лыми-тәжірибелік конференциясы өтеді. Конференцияда жас ғалымдар «Strength of language», «Capacity of social science», «Information learning and STEM», «Efficiency of teaching», «Natural science», «Culture and ART» және «E-S Talks» бағыттары бойынша ғылыми жаңалықтары мен ізденістерін көпшілік назарына ұсынбақ. Сонымен қа­тар алқалы жиын шеңберінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына ар­нал­ған І Халықаралық онлайн басқосу ұйымдастырылмақ», дейді ұйымдастырушылар.

Қазақ ұлттық қыздар педагоги­ка­­­лық университеті Филология инс­титу­тының директоры, профессор, фило­­логия ғылымдарының докторы Ты­ныш­тық Нұрдәулетқызы апталықтың ма­ңыз­ды­лығына тоқ­тала келе, универ­ситеттің ғылы­ми әлеуеті жыл сайын артып, ха­лықаралық байланыстар беки түс­­кенін жеткізді.

«Қазіргі таңда университетімізде ха­лықаралық басылымдардағы ғылыми жарияланымдар мен халықаралық ғылыми байланыстардың көбеюінен халықаралық ақпараттық ресурстар және т.б. қол­жетім­діліктің едәуір артқаны байқалады. Оның дәлелі, университет құрылғанда алғашқы ашылған факультеттердің бірегейі, қазіргі Филология институты кадрлық әлеуеті жағынан да, жыл­дық мониторинг нәтижесі бойын­ша да көш басында. Академиялық ұт­қыр­­­лық бағдарламасы бойынша инс­титутқа шетелдік білім алушылардың қы­зығушылығы бәсеңдеген емес, керісінше жыл сайын осы бағдарлама аясында шетелдік білімгерлер дәріс алады. Алдағы уақытта кафедралардың зор ғылыми әлеуетін халықаралық аренада танытуға байланысты бірқатар жобаны жүзеге асырмақпыз», деді Т.Нұрдәулетқызы.