Қазақстан • 03 Сәуір, 2018
Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа арнаған әр Жолдауы, мақаласы және Үндеулері – аса өзекті, стратегиялық маңызға ие тарихи саяси құжаттар.
Қазақстан • 03 Сәуір, 2018
Электронды сауда қарқын алып келеді
Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында перспективалық сала – электронды (онлайн) сауданы жүзеге асыруға назар аударды.
Қазақстан • 03 Сәуір, 2018
Қоғамдық орындар және өрт қауіпсіздігі. Жылына бір рет тексеру аздық етпей ме?
Ресейдің Кемерово қаласында 64 адам, оның ішінде 41 бала қайтыс болған өрттен кейін Қазақстан белсенділері сауда ойын-сауық кешендеріндегі өрт қауіпсіздігін күшейтуді талап ете бастады. Ресми деректерге сүйенсек, елімізде мұндай кешендердің саны 1150-ден асады.
Қазақстан • 03 Сәуір, 2018
Ұялы телефоныңызды тіркеуді ұмытпаңыз
Қазақстандықтар үшін осы жылдың соңына дейін атқарылуы тиіс маңызды істің бірі – ұялы телефондарды тіркеуден өткізу. Бұл талап заңмен бекітіліп, қазіргі күні Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мұрындық болуымен тіркеудің егжей-тегжейлі тәртібі мен механизмін әзірлеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Сонымен 2018 жылдың соңына дейін Қазақстанның аумағындағы ұялы байланыс желілерімен жұмыс істейтін барлық құрылғы тіркелуі қажет.
Қазақстан • 03 Сәуір, 2018
Цифрландыру медицинаны өрге сүйрейді
Төрткүл дүниеге тарап келе жатқан Төртінші өнеркәсіптік революция адамзаттың денсаулығы мен белсенді өмірін, ұзақ өмір сүру мүмкіндіктерін қамтамасыз ететініне күмән жоқ. Соңғы уақытта биологиялық салада, әсіресе, генетика ғылымындағы инновациялар таңғалдырады. Келешекте генді түзеу сияқты адам ақылы әлі жете қоймаған соны жаңалықтар жүзеге асуы ықтимал. Өйткені көптеген шешімін таппаған медициналық мәселелердің генетикалық сипаты болғандықтан да күрделі күйінде қалып келеді. Сондықтан бұл саладағы бетбұрыс денсаулық сақтау жүйесін жаңа белестерге бастамақ.