Мектеп • 11 Сәуір, 2023
Жетісуда былтыр 16 білім беру нысанының құрылысы жүргізілген. Оның ішінде 2 050 орындық 6 білім ошағы іске қосылды. Сондай-ақ 58 мектеп жаңғыртылып, 7-еуі күрделі жөндеуден өтті. Қазір облыс орталығында жаңа мектептер ашылып жатыр. Бүгінде білім саласының мамандары өңір бойынша балаларды 1-сыныпқа қабылдауды бастады.
Тұлға • 11 Сәуір, 2023
Елге тұтқа болатын тәуекелшіл ерді уақыттың өзі тудырады! Бүгінгі мақаламызға арқау болған қайраткер тұлға Гейдар Әлиевке дәл сондай тағдыр бұйырды. Әзербайжан халқының арда ұлы тәуелсіздіктің елең-алаңындағы қиын-қыстау кезеңнен елінің туын жықпай алып шығып, өңірлік жаңғыру мен өркениеттің, мәдени, тарихи синтездің орталығына айналдырды. Биыл айтулы тұлғаның туғанына 100 жыл толып отыр.
Шахмат • 11 Сәуір, 2023
Астанада жалауы желбіреген шахматтан 17-ші әлем чемпионатының алғашқы жарыс күні өз мәресіне жетті. Былтырғы үміткерлер турнирінің жеңімпазы Ян Непомнящий мен Мадридтегі доданың екінші орын иегері Дин Лижэнь арасында әлем чемпионы атағы үшін өтіп жатқан бәсекенің алғашқы партиясы бес сағатқа жалғасып, 49 жүрістен кейін тең аяқталды.
Банк • 10 Сәуір, 2023
Барлық адам өз баспанасы болғанын қалайды. Алайда оған жұрттың бәрінің мүмкіндігі жетпей жатады. Осы орайда тұрғын үйді сатып алу үшін «Өз үйім» бағдарламасы бойынша көңілге қонымды пайыз ұсынып отырған қаржылық институттың бірі – «Отбасы банк» .
Қоғам • 10 Сәуір, 2023
Интернет – шексіз мүмкіндік, бірақ шексіз еркіндік емес. Бүгінде көп адам осы екі ұғымды шатастырып алып жүр. Әсіресе кейінгі жылдары әлеуметтік желілер мен мессенджерлер өмірімізге дендеп еніп, адамдар арасындағы негізгі қарым-қатынас құралына айналғаннан кейін ғаламтордағы жауапкершілік мәселесінің өзектілігі өткір болып келеді.